• RU
Вторник, 20 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Жасыл экономика

Қордай жел электр стансасының қуаты 150 мың халықты жарықпен қамтуға жетеді

by Jasyn
06/03/2024
in Жасыл экономика
0
Қордай жел электр стансасының қуаты 150 мың халықты жарықпен қамтуға жетеді
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қордай жел электр стансасының қуаты 150 мың халықты жарықпен қамтуға жетеді 

«Жасыл» экономика туралы сөз қозғаған сәтте біз Қордай ауданын айналып өтіп кете алмаймыз. Өйткені бұл ауданның күн, жел және су көздерінен электр энергиясын өндіру әлеуеті жоғары. Бүгінгі таңда республикамызда «Жасыл» экономиканы дамыту аясында 90-ға жуық жаңа жоба енгізіліпті. Ал біздің облысымызда 2011-2021 ж. ж. аралығында 15 нысан пайдалануға беріліп, күн, жел және судан электр өндірісі 17-і нысанға жоғарылаған. Бұл нысандардың қуаттылығы 387,8 МВт-ты құрайды. Мұның 201,25 МВт-ы күн, 162,15 МВт-ы жел, 24,4 МВт-ы су электр стансаларына тиесілі. 

Облысымызда жел электр стансалары іске қосылғаннан бастап сағатына 130 млн кВт-тан астам экологиялық таза энергия өндірілуде. Соның ішінде Қордай асуындағы қуаттылығы 52,4 МВт құрайтын жел электр стансасы 3 бірдей компанияға қарайды. 

Соның бірі — «Изен-Су» ЖШС. Бастапқыда оның жылдық қуаттылығы бар болғаны 1,5 МВт-ты құраған болатын. Ал оның жобалық құны 329,6 млн теңгені құрады. Оған 35 га жер телімі бөлінді. Өткен жылы электр стансасында 5,2 млрд теңгені құрайтын 138 млн 358 мың кВт электр қуаты өндірілген. 

Қордай асуындағы жел электр стансасың келесі үлескері «VISTA INTERNATIONAL» ЖШС болып табылады. Оның қарауындағы 66,9 га орналасқан жел электр стансасында 21 МВт электр қуаты өндіріледі. Серіктестік басшысы Рустам Сағитовтың айтуынша, 2012-2014 ж.ж. аралығында құрылысы жүрген стансаның жобалық құны 6 млрд 362 млн теңгені құраған. 

Онда Германиядан жеткізілген қондырғылар орнатылған. Ондағы биік мұнараларды орнатуға 300 тонналық кран да сол елден әкелініпті. Серіктестік екі жылда құны 6 млрд 362 млн теңгенің жобасын іске қосты. Өткен жылдың қорытындысында мұнда сғатына 67 млн кВт электр қуаты өндірілсе, биыл оның қуаты біршама артқан. Мұндағы басқару тетіктері толық автоматтандырылған. Электр қуатты өндірісінің тұтынушысы «Қаржылық-есеп орталығы» ЖШС-не серіктестік электр энергиясын 26,44 теңге тарифімен өткізуде. 

Үшінші еншілес компания «ВетроИнвест» ЖШС Қордай асуында 30,65 МВт құрайтын жел стансасын салған. Бұл алдыңғы екі компаньонынан әлде қайда жоғары. Оның жобалық құны 12 млрд 753 млн теңгені құрайды. Станса 258,67 га аумақты алып жатыр. Онда 50 адам жұмыс істейді. Бұл жоба Индустрияландыру картасы және «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында жүзеге асырылыпты. Оның қуаты 150 мыңға жуық халқы бар, облыстағы ең ірі Қордай ауданын электр энергиясымен толық қамтамасыз етуге жетеді. 

Tags: «VISTA INTERNATIONAL»«Жасыл» экономика«Изен-Су»«Қаржылық-есеп орталығы»ЖЭСРустам Сағитов
Jasyn

Jasyn

Next Post
Республикада өндірілетін электр энергиясының 21 %-ы Жамбыл облысының үлесінде

Республикада өндірілетін электр энергиясының 21 %-ы Жамбыл облысының үлесінде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

«Мен боксты қойған жоқпын…»

«Мен боксты қойған жоқпын…»

9 месяцев ago
Ата-ана, біліңіз!: Балалар қалай жасырын синтетика қоюшыға айналады

Ата-ана, біліңіз!: Балалар қалай жасырын синтетика қоюшыға айналады

11 месяцев ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In