• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Экономика

ҚДБ Чехия қаржы институттарымен келісімдерге қол қойды

by Jasyn
06/03/2024
in Экономика
0
ҚДБ Чехия қаржы институттарымен келісімдерге қол қойды
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Екіжақты кездесулердің қорытындысы бойынша Чехияның мемлекеттік экспорттық-сақтандыру компаниясы – Export Guarantee and Insurance Corporation (EGAP) ұйымымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Құжат екі компанияның Чехия мен Қазақстан Республикасы арасындағы сауда және инвестициялық ағындарды ілгерілету жөніндегі өзара іс-қимылын күшейтуге бағытталған. ҚДБ елдер арасындағы мәмілелерде қарыз алушы немесе кепілгер ретінде әрекет етуге ниетті. EGAP сақтандыруы бойынша мәмілелердің жалпы көлемі 150 миллион еуроға дейін жетуі мүмкін.

Сонымен қатар ҚДБ Чехия экспорттық банкімен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды (Česká exportní banka, a.s.). Тараптар өз бағдарламалары мен қолжетімді қаржы құралдарын ұсына отырып, екі ел, кәсіпорындар мен кәсіпкерлер арасындағы сауданы және экономикалық ынтымақтастықтың басқа да нысандарын қолдауға дайын екендіктерін білдірді.

«Чехия мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы соңғы жылдары тұрақты өсуде. ҚДБ мемлекеттік даму институты ретінде біздің елдеріміз арасындағы ынтымақтастықтың одан әрі оң серпінге ие болуы үшін барлық күш-жігерін жұмсайды және бұл үшін жан-жақты қолдау көрсетеді», — деп атап өтті ҚДБ Басқарма төрағасы Нұрлан Байбазаров.

Қазақстан-Чехия форумы екі ел арасындағы экономикалық байланыстарды кеңейтуге, қазақстандық және чех кәсіпкерлері арасындағы іскерлік байланыстар мен өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға бағытталған. Іс-шараға орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, ұлттық және квазимемлекеттік компаниялардың басшылары, салалық және өңірлік бизнес-қауымдастықтардың өкілдері, сондай-ақ жетекші чех компанияларының басшылары қатысуда.

Анықтама үшін:

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, Қазақстан аумағындағы ауқымды инфрақұрылымдық және өнеркәсіптік объектілерді қаржыландыруға және дамытуға маманданған ұлттық даму институты. Банктің негізгі мақсаттары –  мемлекеттік инвестициялық қызметтің тиімділігін жетілдіру және арттыру; өндірістік инфрақұрылымды және өңдеу өнеркәсібін дамыту; ел экономикасына сыртқы және ішкі инвестицияларды тартуға жәрдемдесу.

Tags: Қазақстанның Даму БанкіҚДБ
Jasyn

Jasyn

Next Post
В Таразе с помощью камер видеонаблюдения установлены личности, совершившие кражу вещей

В Таразе с помощью камер видеонаблюдения установлены личности, совершившие кражу вещей

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Балаға сенімді қолдау және тиімді қорғаныс қажет

Балаға сенімді қолдау және тиімді қорғаныс қажет

1 год ago
Уилл Смит 10 жылға «Оскар» марапаттау рәсімінен шеттетілді

Уилл Смит 10 жылға «Оскар» марапаттау рәсімінен шеттетілді

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In