• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Жастар саясаты

Қазығұрттық жастар жүлдесіз қалған емес

Қазығұрттық жастар топ жарып жүр. Әсіресе аймақтың жас спортшылары ерледі. Дүбірлі жарыстардан жүлдесіз қалған емес. Олар жуырда Алматы облысы Қарталы ауылында өткен аяқдоп жарысында жүлделі орын алып, бағалы сыйлықпен марапатталып қайтты. Бұл турнир HALYK OPEN CUP 2024 деп аталады. Республикалық жарыс АуылФутбол әлеуметтік жобасы аясында ұйымдастырылды.

by Jasyn
03/12/2024
in • Жастар саясаты
0
Қазығұрттық жастар жүлдесіз қалған емес
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Турнирдің бас демеушісі – «Халық» қайырымдылық қоры болып табылады. Осы республикалық жарыста Маңғыстаудың Мұнайлы ауданынан келген «Намыс-Қызыл төбе» командасы чемпион атанды. Жас футболшылар тобының жаттықтырушысы Пердебек Қашқамбаев дейтін азамат осы додада «Үздік жаттықтырушы» деген номинациямен марапатталды. Ал команданың жас талантты футболшысы Абзал Баймұханға «Үздік ойыншы» деген номинация бойынша арнайы сыйлық берілді.

Өз кезегінде республикалық үлкен жарыстың күміс жүлдегерлері болып Түркістан облысы Қазығұрт ауданының «Алтынтөбе» командасы иеленді. Осынау ауқымды турнирде 11 мәрте гол соққан команда ойыншысы Омар Біржан «Үздік шабуылшы» деген атаққа ие болды. Ол өзінің әдемі ойынымен жұртты таң қалдырып, көпшіліктің ықыласына бөленді. Футбол ойынында кейде командаға жеңіс мықты шабуылшылардың арқасында келетіні белгілі. Осы орайда Омар Біржан өзінің талантымен ойын алаңында үлкен ерлік пен қайсарлығын көрсете білді. Команданың жеңіске жетіп жүлделі орыннан көрінуіне осы бір ойыншының көмегі көп тиді. Дегенмен республикалық футбол додасына бүкіл аймақтар мен өңірлерден, ірі қалалардан келген ең мықты қарсылас командаларды жеңіп шығу үшін тұтас қазығұрттық жас футболшылардың өзара ынтымағы мен әрқайсысының жеңіске деген ұмтылысы ең басты кезекте рөл ойнады.

Сонымен, аталған турнирде Алматы облысы Қарасай ауданының «RedSapsans» командасы қола жүлдені қанағат тұтты. Команданың қақпашысы Нұрелі Әниұлы «Үздік қақпашы» атанып, өз ауданының мерейін үстем етті. Сондай-ақ «Үздік қорғаушы» номинациясы бойынша Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Құсмұрын ауылының «Рахат» командасының ойыншысы Артем Риттер мен павлодарлық «Заря» командасынын ойыншысы Богдан Краузе марапатталды. Олардың бәрі де естелік ретінде бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жалпы турнирге еліміздің 14 өңірінен 32 команда келді. Яғни жарысқа аталған команда мүшелерінің ішіндегі 450-ге жуық бала қатысты.

Айта кету керек, республикалық турнирде футбол ойынының адалдық рухын оятуға ықпал еткен үлгілі ойын үшін арнайы «Fіr play trophy» деп аталатын номинация белгіленген болатын. Матч қорытындысы бойынша бұл номинация Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Талапкер ауылының жас өрендерінен құралған «Spartans» командасына берілді. Бұдан бөлек осы ауқымды додада HALYK OPEN CUP 2024 республикалық турнирінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері кубоктармен, медальдармен және дипломдармен марапатталды. Сондай-ақ оларға жоғарыда айтқанымыздай, бағалы сыйлықтар табыс етілді. Атап айтқанда футбол доптары, ойын формалары мен жаттығу киімдері және балаларға арналған кітаптар мен жаттықтырушы құрал-жабдықтары сыйға тартылды. Осы жарыс барысында сонымен қатар, ауыл жаттықтырушыларына біліктілікті арттыру бойынша арнайы дәрістер ұйымдастырылды. Яғни  футбол менеджементі бойынша SMM, спортшы балалардың психологиясы және инклюзивті балалармен жұмыс істеу, жарыстар кезінде балалардың қауіпсіздігі мәселелерін қамтамасыз ету тақырыптарында жаттықтырушылар семинарлар мен тәжірибелік сабақтарға қатысты. Сондай-ақ турнир аясында жаңадан жасақталған «Бүркіт» футбол командасының тұсауы кесілді.

Команда Алматы облысы, Қаскелең қаласындағы сөйлеу тілі бұзылған балалармен жұмыс істеу орталығының базасында мамыр айында құрылған. Аталған топтың жасақталуы инклюзивті командалар үшін жарыс мәдениетін қалыптастыру, адаптивті футболды бұқаралық балалар спортына қарай бұру үшін бағытталған. Бұл команда турнир қатысушылары мен қонақтарына арнап демонстрациялық жаттығу сабағын өткізді. Осы орайда #АуылФутбол жоба жетекшісі Мәмбетов Серіктің айтуынша, турнир HALYK OPEN CUP-2024 республикалық футбол турнирі жобасының 5 жылдық тарихындағы ең айтулы оқиға болыпты.

«Бұған дейін біз әртүрлі спорттық шараларды өткізіп келдік, бірақ мұндай ауқымды турнир бірінші рет басымыздан өтіп отыр. Осынау маңызды іс-шараны «Халық» қайырымдылық қорының және қордың басында тұрған жанашыр азаматтардың үлкен қолдауының арқасында жүзеге асыруға мүмкіндік алдық. Ендігі жерде бас демеушіміздің көмегімен жобамыздың іргетасын қалап алып, тек сонымен шектелмей одан әрі қарай да серпінді дамуымызды жалғастыра беретінімізге сеніміміз кәміл», – деді жоба жетекшісі С.Мәмбетов.

Жалпы осы бастаманың тарихына келсек, бұл #АуылФутбол жобасы 2020 жылы іске асырылған болатын. Идея авторы – журналист әрі қоғам қайраткері Серік Мәмбетов. Аталған жобаның негізгі мақсаты мен міндеті атының өзі айтып тұрғандай, ауылдағы балалар футболын қолдау болып табылады. Оны жүзеге асыру барысында 180-нен астам командаға материалдық қолдау көрсетілді. Мәселен, соның бір айғағы ретінде екі ауылға алаңдар салынғанын, жаттықтырушылар үшін ондаған оқыту семинарлары, сондай-ақ 30-ға жуық турнир, соның ішінде республикалық турнирлер өткізілгенін айта кеткен жөн. Айталық 2023 жылы #АуылФутбол жобасы мен «Халық» қайырымдылық қоры арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Осы демеушілік аясында 100 ауылдық командаға көмек көрсетілді. Соның нәтижесінде жобаға қатысушылар саны үш есеге өсіп, командалар саны 111-ге дейін жетті.

Сонымен бірге 100 ауылдық жаттықтырушы УЕФА D санатындағы жаттықтырушылар бағдарламасы бойынша білімдерін шыңдады. Бұдан бөлек еліміздің 13 өңірінде облыстық турнирлер ұйымдастырылды. Биылғы наурызда #АуылФутбол жобасында соңғы 4 жылдағы басты оқиғалардың бірі – #АуылФутбол AWARDS-2023 үздіктерді марапаттау рәсімі өткенін де еске сала кеткен абзал. Бұл марапаттау ауыл балалары футболын қолдауға, футболды спорт түрі ретінде кеңінен насихаттауға, сондай-ақ балалардың футбол ойнауға деген қызығушылығын арттыруға арналған сыйлық түрі. Ал осы маңызды турнирде топ жарып еліміздің барлық өңірлерінен жиналған 32 команда ішінен оза шауып, екінші орын алу қазығұрттық жас футбол командасы үшін үлкен мәртебе саналады. Бұл сонымен бірге ауданда ауыл балаларының спорты өз деңгейінде әрі тиянақты түрде дамытылып жатқанын көрсетеді. Соның бір айғағы республикалық футбол додасында қазығұрттық жас футболшылардың қарсыластарының бәрін дерлік жеңіп, жүлделі екінші орын алып келуі.

Жоғарыда айтқанымыздай өткен Қазығұрт ауданының жастары тек жүлдесімен ғана емес, сонымен бірге еңбекқорлығымен, ынтымақ-бірлігімен де ерекшеленді. Соның бір дәлелі – жастардың сенбілікке қатысып, жұртпен бірге көшет егу жұмыстарына қатысуы.

Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен республикалық деңгейде өткізіліп жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы барысында Қазығұрт ауданында жалпы саны 27500 дана көшет отырғызылды. Атап айтқанда, Қазығұрт ауданының 13 ауыл округіне қарасты елді мекендерге қарағаштан – 10 000 дана, тұядан – 50, можжевельниктен – 50, үйеңкіден – 5 000, шағаннан – 2 400, теректен – 2 500, қараталдан да сонша, катальпадан – 2 500 дана, айланттан да осыншама дана көшет көше бойлары мен аллеяларға отырғызылды.

Ауқымды сенбілікке аудан әкімі Азизхан Исмаилов қатысып, ағаш отырғызудың табиғатқа тигізер пайдасын айтып, көпшілікпен көшет шыбықтарын шаншуға атсалысты. Бұл іс-шара ауданды көгалдандыруға және экологиялық жағдайын жақсартуға, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға зор үлесін қосады деген сенім мол деді өз кезегінде ұйымдастырушылар.

Tags: HALYK OPEN CUP 2024Қазығұрттық жастарРеспубликалық жарыс АуылФутболТурнир
Jasyn

Jasyn

Next Post
Жастар жағы дән риза

Жастар жағы дән риза

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Жер реформасы жөніндегі комиссияның бірінші отырысы аяқталды

Жер реформасы жөніндегі комиссияның бірінші отырысы аяқталды

4 года ago
АЭС САЛУҒА ЕЛІМІЗДІҢ ӘЛЕУЕТІ ЖЕТЕДІ МЕ?

АЭС САЛУҒА ЕЛІМІЗДІҢ ӘЛЕУЕТІ ЖЕТЕДІ МЕ?

8 месяцев ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In