• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Медицина

Қазақстанның ЖОО-да вирусолог мамандар даярланады

by Jasyn
06/03/2024
in Медицина
0
Қазақстанның ЖОО-да вирусолог мамандар даярланады
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтымен (БҚПҒЗИ) бірлесе отырып, вирусолог мамандарды даярлайтын болады.

Ұлттық жоғары оқу орнының ректоры Ж.Түймебаев пен Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ҒЗИ бас директоры К. Закарья тиісті келісімге қол қойды. Қазір ҚазҰУ ғылыми-зерттеу институтымен бірлесіп, вирусология саласында жаңа білім беру бағдарламасын әзірледі.

«Алғаш рет әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтымен бірлесіп, вирусолог мамандарды даярлайтын болады. Аталған бағытта бұрын-соңды бакалавриаттың ұқсас білім беру бағдарламалары бойынша оқыған жоғары оқу орындарының түлектері оқи алады. Олар ҚазҰУ биология және биотехнология факультетінің базасында әрі БҚПҒЗИ BSL-2 және BSL-3 зертханаларында білім алатын болады. Вирусологтарды даярлау кезінде студенттердің теориялық қана емес, практикалық білім алуына басты назар аударылады. Жетекші вирусологтар зерттеу мен диагностиканы қалай жүргізу қажет, вирустың жаңа түрлерін қалай анықтау керектігін көрсетіп, өз тәжірибелерімен бөліседі. Сондай-ақ білім алушылар молекулярлық биология, биохимия, микробиология әдістерін меңгереді», — деді Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

Практикалық сабақтар басым болғандықтан, студенттер БҚПҒЗИ базасында тәжірибе және тағылымдамадан өтеді. Институт ғалымдары, соның ішінде коронавирусқа қарсы вакцина жасаған ғалымдар вирусология, биология және биотехнология саласында практикалық сабақтар мен семинарлар өткізеді. Оқуды үздік аяқтаған түлектер одан әрі биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтына жұмысқа орналасуы мүмкін.

Алдағы уақытта ғылыми-зерттеу институты базасында докторлық жұмыстарды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңес құрылатын болады. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде әдістемелік-консультациялық көмек көрсету үшін шетелдік ғалымдарды тарту көзделіп отыр.

Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты мамандарының биологиялық қауіпсіздік, биотехнология, вирусология, микробиология, иммунология саласында мол тәжірибесі бар екенін атап өткен жөн. Институт ғалымдары препараттардың 60-тан астам атауын, оның ішінде 30 вакцина, 16 тест-жүйе және 15-тен астам түрлі биопрепараттарды әзірлеп, енгізді. Соңғы 10 жылда институт аса қауіпті инфекцияларға қарсы вакциналарды, оның ішінде отандық QazVac вакцинасын дайындау технологиясын жасады.

 

Jasyn

Jasyn

Next Post
Үй қабырғасына аса ірі ұялар салған аралар тұрғындарды үрейлендірді — ШҚО

Үй қабырғасына аса ірі ұялар салған аралар тұрғындарды үрейлендірді - ШҚО

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Техниканың дамыған заманында балаға түзу тәрбие беру өте маңызды

Техниканың дамыған заманында балаға түзу тәрбие беру өте маңызды

12 месяцев ago
Республикалық ұлттық мектеп лигасының салтанатты ашылу рәсімі өтті

Республикалық ұлттық мектеп лигасының салтанатты ашылу рәсімі өтті

2 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In