• RU
Суббота, 5 июля, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Экономика

Қазақстанның шикізаттық емес тауарлар экспорты әлемдік нарықта төмендеп барады

Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Палата отырысында Қазақстанның шикізаттық емес тауарлар экспорты әлемдік нарықта төмендеп бара жатқанын айтты.

by Jasyn
20/05/2024
in Экономика
0
Қазақстанның шикізаттық емес тауарлар экспорты әлемдік нарықта төмендеп барады
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан үшін Еуразиялық экономикалық одақ аясында өнеркәсіп кооперациясын, өнеркәсіп секторындағы бірлескен жобаларды дамыту негізгі басымдықтардың бірі. Дегенмен, шикізаттық емес тауарлар экспортының төмендеуі отандық өнеркәсіпті қолдау, осы бағытта тиімді шешімдер қабылдау керектігін көрсетіп отыр.

Мәулен Әшімбаев осыған байланысты ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігін шикізаттық емес өндірісті дамыту жолында белсенді жұмыс істеуге, оның ішінде ЕАЭО мүмкіндіктерін пайдалануға шақырды.

«Былтыр бұл көрсеткіш бізде (ескерту – шикізаттық емес тауарлардың экспорты) шамамен 6 пайызға төмендеген. Бұл өте көп. Демек, Қазақстан шикізаттық емес тауарлар экспортын азайтып отыр деген қорытынды жасауға тура келеді. Биыл – 7,2 пайыз болды. Бұл біздің стратегиялық басымдықтарымызға сай емес. Осы ретте біздің шекаралас аудандарымызда серіктестерімізбен бірлескен бірнеше ірі жоба бар. Атап айтқанда, Қырғызстанмен бірлесіп дамыту көзделген арнайы индустриялық аймақ («Ақ-тілек – Қарасу» өткізу пунктінің жанында) бар. Батыс Қазақстан облысында да осындай аймақ бар. Оны ресейлік серіктестермен бірге дамытуға ниет етіп отырмыз. Ол өнімдерді басқа елдердің нарықтарына жеткізу үшін тиісті аумақтарда өнеркәсіп кооперациясын дамыту қажет. Бұл тұрғыда Министрлік белсенді жұмыс жүргізуге тиіс», – деді Сенат Төрағасы.

Айта кетейік, бүгін Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалық етуімен Палата отырысы өтті. Онда сенаторлар «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер өнеркәсіп салаларында бірлескен кооперациялық жобаларды іске асырған кезде қаржылай жәрдем көрсету бөлігінде өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңды қарап, мақұлдады.

Заң нормалары Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кәсіпорындары арасындағы кооперациялық байланыстарды кеңейтуге арналған. Ол үшін қаржылық ынталандырудың арнайы тетіктері көзделіп отыр. Құжат өндіріс көлемін ұлғайтуға, сондай-ақ қосымша жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

 

Tags: отандық өнеркәсіпті қолдауПарламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевтауарлар экспорты
Jasyn

Jasyn

Next Post
73,6 млрд теңге игерілмеген

73,6 млрд теңге игерілмеген

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Қожағапар ауылында жаңа мектеп қашан салынады?

Қожағапар ауылында жаңа мектеп қашан салынады?

12 месяцев ago
Ауылдардағы пошта бөлімшелері жабылып жатыр

Ауылдардағы пошта бөлімшелері жабылып жатыр

8 месяцев ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In