• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Қоғам

Қазақстаннан Өзбекстанға ұн экспорты үш есеге төмендеді. Неге?

Еліміздің ұн экспорты төмендеп кетті, ал шетелге астық сату – өсіп барады! Ұнның орнына астық сатып алу және өз диірменін жұмысқа пайдалану шетелдік әріптестерге тиімді екені даусыз. Ал бұдан қазақстандық ұн тарту кәсіпорындары зардап шегуде. Сенатор Сұлтан Дүйсембинов өзінің депутаттық сауалында отандық ұн тартушылардың проблемаларын көтерді.

by Jasyn
12/04/2024
in Қоғам
0
Қазақстаннан Өзбекстанға ұн экспорты үш есеге төмендеді. Неге?
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Сенатордың айтуынша, 2023 жылы бидай ұнының экспорты дейін 23%-ға төмендеген. Мұның бір себебі – Қазақстан Орталық Азия елдері мен Ауғанстанға бидай мен ұнды бірдей шарттармен беріп отыр.

«Қазақстан Орталық Азия елдері мен Ауғанстанның сыртқы нарықтарына бидай мен ұнды баршаға бірдей шарттармен береді. Біздің бидайды импорттап алатын елдер саудада тарифтік емес шектеу шараларын іске қосады, біздің ұн импортын тежей отырып, өздерінің өңдеу өндірісін дамытуға күш салады. Мысалы, Өзбекстанда әкелінетін бидайға 0%, әкелінетін ұнға 10% сараланған импорттық баж мөлшері салынады. Нәтижесінде Қазақстаннан Өзбекстанға ұн экспорты үш есе, 1 млн 300 мың тоннадан 420 мың тоннаға дейін төмендеді. Осы кезеңде бидай дәнінің экспорты 658 мың тоннадан 3 млн тонна болып, 4,5 есеге дейін өсті. Мұндай жағдай көршілес Орталық Азия елдерінде де қалыптасып отыр», — деп атап өтті сенатор.

Еліміздің Ресейден келетін астық импортына енгізген тыйым салуы да жағдайды жақсартпады. Сенатордың пікірінше, соның салдарынан біздің нарыққа астықтың орнына ресейлік ұн қарқынды түрде келіп жатыр.

«Ресейлік арзан астық импортын тежеу мақсатында Қазақстан лицензияланған кәсіпорындар мен ұн тарту және құс шаруашылығы кәсіпорындарынан басқаларға автомобиль көлігімен және теміржол арқылы бидай әкелуге импортқа шектеу енгізді. Бұл жағдай Ресейден Қазақстан аумағына жаппай ұн әкелуге алып келді. Импорт көбінесе контрабандалық жолмен, салық төлемей және фитосанитарлық және санитарлық талаптарды сақтамай жүзеге асады», — деді Сұлтан Дүйсембинов.

Сенатор ҚҚС қайтару, логистика, өтінім жоспарларын уақтылы келіспеу, жүк тасымалына конвенциялық тыйым салу енгізу, станциялардағы ұдайы кептеліс пен вагондардың жиналып қалуы мәселелерін атап өтті.

Сенатор еліміздің ұн тарту саласының одан әрі тоқырауын болдырмау үшін Үкімет басшысына автоматты түрдегі экспорт кезінде ҚҚС-ты оңайлатылған әдіспен қайтаруды, саудада Қазақстанға қатысты тарифтік емес және тарифтік шектеу шараларын жүзеге асырған елдерге дәл сондай шаралар енгізуді қамтамасыз етуді ұсынды. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өнімнің өңдеуге тапсыратын көлемін субсидиялау тетіктерін әзірлеуі және теміржол тасымалында тасымалдаудың үздіксіз процесін шешуі, сондай-ақ «Бірыңғай терезе» қағидаты бойынша бірыңғай экспорттық құрылым құрылуы тиіс.

 

 

Tags: Сенатор Сұлтан Дүйсембиновұн экспорты
Jasyn

Jasyn

Next Post
2017 жылы басталған Астана – Балқаш – Алматы автожолын жөндеу жұмыстары әлі аяқталған жоқ

2017 жылы басталған Астана – Балқаш – Алматы автожолын жөндеу жұмыстары әлі аяқталған жоқ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Шымкент-Ыстамбұл әуе рейсінің жолаушысы алтын құймаларды алып кетуге тырысты

Шымкент-Ыстамбұл әуе рейсінің жолаушысы алтын құймаларды алып кетуге тырысты

2 года ago
Жамбылдық шаруалар әр гектардан 8 тонна жүгері жинады

Жамбылдық шаруалар әр гектардан 8 тонна жүгері жинады

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In