• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Экономика

Қазақстандықтардың зейнетақы жүйесіне деген сенімі артып келеді

by Jasyn
06/03/2024
in Экономика
0
Қазақстандықтардың зейнетақы жүйесіне деген сенімі артып келеді
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстандықтардың БЖЗҚ мен зейнетақы жүйесіне деген сенім деңгейі артып келеді, деп хабарлайды  қордың баспасөз қызметі.

Халықтың зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қаржылық сауатының деңгейін және халықтың «БЖЗҚ» АҚ-ға деген сенім дәрежесін айқындайтын жыл сайынғы тәуелсіз әлеуметтік зерттеудің қорытындысы шығарылды.

Зерттеу республикалық маңызы бар 3 қала мен Қазақстанның 14 облысындағы қала және ауыл тұрғындары арасында телефон және сауалнама жүргізу арқылы өткізілді.

Жалпы алғанда 3000 респонденттен сұхбат алынды, олардың ішінде жалдамалы қызметкерлер – 2 085 (69,5%), өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 768 (25,6%) және жұмыссыздар – 147 (4,9%).

Респонденттердің едәуір бөлігі (сұралғандардың жалпы санының 841 немесе 28,03%) коммерциялық бизнес саласында, одан әрі өндірістік бизнесте жұмыс істейтіндер — 458 респондент немесе сұралғандардың жалпы санының 15,27%.

Ғылым саласында жұмыс істейтіндердің саны ең азы – 62 респондент немесе сұралғандардың жалпы санының 2,07% болды.

Зерттеу сауалнамасы сұрақтарының негізгі бөлігі Қазақстан халқының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қаржылық сауаттылығын анықтауға, сондай-ақ, Қазақстанның зейнетақы жүйесіне және БЖЗҚ-ға сенім дәрежесін анықтауға бағытталған 25 сұрақтан тұрды.

Жалпы, сауалнама нәтижесіне сай, халықтың еліміздің зейнетақы жүйесіне де, БЖЗҚ-ға да сенімінің артқанын байқауға болады. Атап айтқанда, сауалнама нәтижелері бойынша тұрғындардың едәуір бөлігі, яғни 1270 респондент немесе сұралғандардың жалпы санының 42,33% еңбек қызметі аяқталғаннан кейін олардың қаржылық әл-ауқатының негізгі көзі БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы жинақтары болады деген пікірді ұстанады.

Сауалнамаға қатысқандардың жалпы санының 21,17% (635 респондент) маңыздылығы бойынша екінші орында мемлекеттен берілетін зейнетақы тұр деген пікірде. Ал 473 респондент немесе сұралғандардың жалпы санының 15,77%-ы БЖЗҚ-дағы жинақтардан басқа да өзге де жинақтарына сенім артады екен (үшінші жиі берілген жауап).

Сонымен қатар, респонденттердің жартысына жуығы – 1449 адам (респонденттердің жалпы санының 48,3%) – салымшылардың міндетті және ерікті зейнетақы жарналарын шоғырландыру, зейнетақы жинақтарының жеке есебін жүргізу, зейнетақы жинақтары есебінен зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру болып табылатын БЖЗҚ-ның функциясын дұрыс айқындайды. Респонденттер зейнетақы жарналарының түрлері туралы да жақсы хабардар болып шықты. Өткен жылғы зерттеу қорытындыларымен салыстырғанда БЖЗҚ-ға деген сенім деңгейі өскенін атап өткен жөн.

Қорға деген сенімнің орташа деңгейі 6,0 балды құрайды (ең төменгі мәні 1, ең жоғарғы мәні 10 балл), яғни, нәтижелер орташадан жоғары. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 5,4 балл болған еді. Биыл ең жоғары балл Қызылорда облысында (7,3), Шымкент қаласында (7,0) және Алматы облысында (7,0 балл) тіркелді. Халықтың еліміздегі зейнетақы жүйесіне деген сенім деңгейі 5,8 балды құрады.

Естеріңізге сала кетейік, бір жыл бұрын сенім деңгейі 5,1 балды құраған болатын. Облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар бөлінісінде Шымкент қаласында (7,1 балл), Қызылорда (7,0 балл), Алматы (6,9) және Қостанай (6,7) облыстарында тұратын респонденттер зейнетақы жүйесіне қатысты ең көп сенім білдірді Зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қаржылық сауаттылық деңгейі екі деңгей бойынша талданды: базалық және ілгері.

Қазақстандықтар базалық деңгей бойынша көптеген сұрақтарға дұрыс жауап берді. Мәселен, 1342 респондент (немесе сұралғандардың жалпы санының 44,7%) Қазақстанның барлық азаматтарына кепілді түрде берілетін мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі және еңбек өтілі бойынша мемлекеттік еңбек (ортақ) зейнетақы туралы, сондай-ақ, міндетті зейнетақы жарналарынан, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарынан, ерікті зейнетақы жарналарынан қалыптастырылған жұмыскердің меншікті зейнетақы жинақтары есебінен БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері туралы да мағлұмат алған болып шықты.

Респонденттердің көпшілігі зейнетке шығу жасы туралы сұраққа дұрыс жауап берді – 2066 респондент немесе респонденттердің 68,87%. Сауалнамаға қатысқандардың 85% — ы (немесе 2 558 респондент) өздерінің жеке зейнетақы шоттарының жай-күйі туралы ақпаратты қалай білуге болады деген сұраққа дұрыс жауап нұсқаларын көрсетті. Жетілдірілген деңгейді бағалау үшін сұрақтар күрделене түсті. Оларға берілген жауап нұсқалары да аз болды. Мысалы, 40,97% (немесе 1229 респондент) зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару және инвестициялық табыс алу үшін зейнетақы активтерін инвестициялау бөлігінде ҚР Ұлттық банкінің атқаратын қызметі туралы хабардар, оның ішінде 420 респондент (немесе сұралғандардың жалпы санының 14,0%) салымшылардың өз зейнетақы активтерін инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруына беру мүмкіндігі туралы білетін болып шықты.

Сонымен қатар, 1101 респондент (немесе сұралғандардың жалпы санының 36,70%) зейнетақы активтерін инвестициялауды тікелей «БЖЗҚ» АҚ жүзеге асырады деген қате пікірді ұстанып келген екен. 1457 респондент немесе 48,57% (1158 респондент немесе сұралғандардың жалпы санының 38,60%) зейнетақы жинақтарының әртүрлі қаржы құралдарына инвестицияланатынын және инвестициялық табыс есебінен көбейетінін біледі. Сонымен қатар 1543 респондент немесе 51,43%- ы зейнетақы жинақтарының инвестициялық табыс есебінен инвестицияланатыны және көбейетіні туралы білмейтінін, не болмаса қаржы және инвестицияларға қатысты мәселелерден мүлдем хабарсыз екендіктерін жеткізді.

Сауалнама жалпы зейнетақы жүйесі және БЖЗҚ туралы ақпарат алу арналары туралы да жүргізілді. Респонденттердің жартысына жуығы теледидар арқылы ақпарат (жаңалықтар) алуға бейім (1358 ескерту/45,3%), одан сәл азы – әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы (1007 ескерту/33,6%). Үшінші ең көп таралған ақпарат көзі жаңалықтар және басқа сайттар болып табылады – респонденттер арасында 644 ескерту/21,5%. Осыған сүйене отырып, интернет көздерінің (әлеуметтік желілер, мессенджерлер мен сайттар) теледидарға қарағанда жиынтық әсері көп деген тұжырым жасауға болады.

Сауалнамаға қатысқандар интернет-сайттардың ішінде қордың enpf.kz корпоративтік сайтын ең танымал және жиі айтылатын ақпарат көзі деп атады. Сауалнамаға қатысқан азаматтар өз жинақтары туралы ақпарат алу тұрғысынан БЖЗҚ кеңселеріне жеке өтініш жасау әдісін дәстүрлі түрде таңдауда: 1191 респондент немесе 39,7%. Респонденттердің пікірінше, жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат алудың екінші оңтайлы тәсілі – БЖЗҚ ұялы қосымшасы арқылы ақпарат алу (982 атап өту немесе 32,7%), сауалнамаға қатысқан 933 адам (31,1%) ХҚО-ға жүгіну әдісін таңдады, одан кейін БЖЗҚ сайтындағы жеке кабинет арқылы ақпарат алу (882 рет атаған немесе 29,4%) танымалдыққа ие. «БЖЗҚ» АҚ қызметі туралы ақпаратқа қолжетімділікті зерттеу нәтижесі респонденттердің жартысына жуығының ақпаратты алу процесі барлығы үшін оңай, қолжетімді деп тапқанын көрсетті (1481 респондент немесе сұралған халықтың жалпы санының 49,37%). Сонымен қатар, 847 респондент немесе барлық сұралғандардың жалпы санының 28,23% — ы БЖЗҚ туралы ақпарат алу үшін уақыт қажет деп санайды.

Сонымен қатар сауалнамаға қатысқан респонденттердің басым бөлігі (сұралғандардың жалпы санының 1421 немесе 47,37%) БЖЗҚ қызметі туралы негізгі ақпарат баршаға түсінікті деп санайды. Жалпы, халықтың зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қаржылық сауаттылығы деңгейін зерттеу нәтижесі көрсеткендей, олардың басым бөлігінің базалық білімдері бар.

Тәуелсіз сарапшылар БЖЗҚ-ның ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын одан әрі жалғастыруы, сондай-ақ, жалпы зейнетақы жүйесіне деген сенімді одан әрі нығайту жөніндегі стратегиялық міндеттерді іске асыру барысында қордың зерттеу қорытындыларын ескеру қажет екендігін атап өтті.

 

Jasyn

Jasyn

Next Post
Шымкентте бүлдіршіннің басына кастрөл кептеліп қалды

Шымкентте бүлдіршіннің басына кастрөл кептеліп қалды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Жамбылда 350 миллион теңге ұрлаған күдікті ұсталды

Жамбылда 350 миллион теңге ұрлаған күдікті ұсталды

3 месяца ago
Жас жазушы Аягүл Мантай көз жұмды

Жас жазушы Аягүл Мантай көз жұмды

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In