Олардың ішінде көлік құралдары салығы бойынша салық міндеттемелерінен жалтарған автокөлік иелерінің ең көп саны келесі өңірлерде тіркелген:
Алматы облысы – 57,7 мың адамның қарызы 3,0 млрд.теңге;
Алматы қ. – 53,6 мың адамның қарызы 4,9 млрд. теңге;
Түркістан облысы – 53,6 мың адамның қарызы 1,2 млрд. теңге;
Шымкент қ. – 39,9 мың адамның қарызы 1,5 млрд. теңге;
Астана қ. – 37,0 мың адамның қарызы 2,5 млрд. теңге.
2022 жылға жеке тұлғалардың көлік құралдарына салық төлеу мерзімі 2023 жылғы 1 сәуірде аяқталғанын еске саламыз.
2023 жылғы 19 мамырдан бастап салық сомасын уақтылы төлемеген тұлғаларға 1 АЕК-тен жоғары берешек сомалары бойынша жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы салық бұйрықтарын жолдау басталды.
Берешек төленбеген жағдайда салық бұйрығы табыс етілген күннен кейін 5 жұмыс күні өткен соң, жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына мәжбүрлеп орындатуға жіберіледі. Өз кезегінде, жеке сот орындаушылары «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес банк шоттары мен мүлкіне тыйым салу түрінде мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдануға құқығы бар. Оның ішінде 40 АЕК-тен асатын қарыз болса, азаматқа ел аумағынан шығуға тыйым салынуы мүмкін.
Бұдан басқа, мемлекеттік кірістер органдары уәкілетті органдармен бірлесіп (Полиция департаменті мен Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы) ағымдағы жылдың басынан бастап көлік құралдары салығы бойынша берешегі бар жеке тұлғаларға қатысты күн сайын рейдтік іс-шаралар өткізуде.
2023 жылғы 5 айының қорытындысы бойынша 10 152 рейд жүргізіліп 413 автокөлік құралы айыппұл тұрағына қойылды. Нәтижесінде 963,7 млн. теңге мемлекеттік бюджетке түсті.
Сонымен қатар, ҚР шығуға тыйым салу туралы ақпаратты сілтеме арқылы білуге болады https://aisoip.adilet.gov.kz/debtors.
Жазғы демалыстарда және еңбек демалысы кезендерде жағымсыз салдарларды болдырмау үшін Комитет салық берешегі болған жағдайда уақтылы төлем жүргізуді ұсынады. Салық бойынша берешектің бар/жоқ екендігі туралы мәліметтерді «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасында: Электронды сервистер→Салық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек туралы қызметі→ЖСН-ды енгізу арқылы тексеруге болады.
«E-Salyq Azamat» мобильді қосымшасын https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.gov.kgd.android немесе https://apps.apple.com/kz/app/e-salyq-azamat/id1107556666 сілтемелері арқылы орнатуға болады