• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Экономика

Қазақстандықтар үшін электр энергиясы қымбаттайды

by Jasyn
06/03/2024
in Экономика
0
Қазақстандықтар үшін электр энергиясы қымбаттайды
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі электр энергиясы бойынша тұтынушылар топтарын саралаудан бас тартып, тарифті барлығына – жеке және заңды тұлғаларға, сондай-ақ бюджеттік ұйымдарға бірдей етіп енгізуді ұсынды. Бұл дегеніміз 2025 жылға қарай  қарапайым тұтынушылар үшін электр энергиясының тарифі күрт көтеріледі деген сөз.

«Тарифтер біртіндеп төмендейді. Бүкіл әлемде жеке тұлғалар көбірек төлейді. Нан пісірген адам тиімділік тұрғысынан қоғам үшін маңыздырақ, себебі нан жеке адамның қара басынан гөрі маңызды. Дүние жүзінде жеке тұлғалар заңды тұлғаларға қарағанда көбірек төлейді. Бірақ осал топтағы халық үшін тұрғын үй көмегі көрсетіледі. Біз 2025 жылға қарай бұл саралауды алып тастауға тырысамыз», — деді мәжілісте басқосуда агенттік төрағасы Серік Жұманғарин.

Мысал ретінде ол Нұр-Сұлтан қаласында жұмыс істейтін «Астанаэнергосбыт» ЖШС-ін келтірген. Кәсіпорын сағатына бір киловатт үшін орташа есеппен 19,84 теңге тарифін төлейді және бұл тариф тұтынушылардың үш тобы бойынша сараланады. Тұрмыстық тұтынушылар бір киловатт үшін сағатына 13,59 теңге, заңды тұлғалар 22,43 теңге, бюджеттік ұйымдар 50 теңге төлейді.

«Жақында мемлекет басшысымен кездесу болып, ол осы саралауды жою бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыруды қолдады. Саралау нәтижесінде былтырдың өзінде бюджетке 20 млрд, шағын және орта бизнеске 31 млрд теңге артық төленген. Бұл жалпы – 51 млрд теңге. Алайда нарықта коммуналдық қызметтерді қамтитын тұрғын үй көмегі бар. Тұрғын үй көмегін төлеу небәрі 750 миллион теңгені құраған. Өздеріңіз көріп отырғандарыңыздай, 51 млрд теңге қорда сақтаулы тұр», — деп түсіндірді Жұманғарин.

Сол себепті Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі тұрғын үй көмегінің көлемін арттыруды, барлық тұтынушылар үшін бірдей тариф белгілеуді ұсынып отыр. Бұл бастама бойынша пилоттық жоба Алматы, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында жүзеге асырыла бастайды.

Дереккөз: Stan.kz

Jasyn

Jasyn

Next Post
Ресейліктер Қазақстан нарығындағы көліктерді жаппай сатып алуда

Ресейліктер Қазақстан нарығындағы көліктерді жаппай сатып алуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Табиғат байлығы мен орман қорын өрттен сақтауда орманшылар аянып қалмауда

Табиғат байлығы мен орман қорын өрттен сақтауда орманшылар аянып қалмауда

3 года ago
Grammy мүсіншесі Иманбек Зейкеновтің қолына 7 айдан соң тиді

Grammy мүсіншесі Иманбек Зейкеновтің қолына 7 айдан соң тиді

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In