• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Әлеумет

Қазақстандық ұстаздар Tik Tok әлеуметтік желісі арқылы сабақ түсіндіріп жүр

by Jasyn
06/03/2024
in Әлеумет
0
Қазақстандық ұстаздар Tik Tok әлеуметтік желісі арқылы сабақ түсіндіріп жүр
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазір жаңа технологияның дамуымен киберпедагогика саласы трендте. Ұлағатты ұстаздарымыз дәстүрлі форматты қойып, шәкірттерін танымал желі арқылы тәрбиелеуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап.

Алматылық тиктокер мұғалім Ұлан Үсенов оқушыларға химия пәнін қызықты өтудің заманауи әдісін ойлап тапқан. Жаңашыл педогогтың жаңа технологияны иегеріп қана қоймай, оқушыларға ең қиын пәннің формулаларын ұсынғаны көпшіліктің көңілінен шығуда.

Жас ұстаздың тиктоктағы жазылушыларының саны — 600 мыңнан асып жығылады. Конттентің 90 пайызы білімге арналған. Оның сөзінше, тіпті танымал әлеуметтік желінің өзі білімді насихаттауды қолдайды. Әрі үнемі оны дамытуға септігін тигізеді.

«Жалпы Ресейде биология, математика  секілді пәннің мұғалімдері аниме арқылы оқушыларға сабақ түсіндіреді. Ал химияны кездестірмедім. Қазіргі оқушылар мен ата-аналардың дені тиктокта отырады. Әрине, оқушылармен көзбе көз отырып сабақ берген тиімді, сол себепті онлайнды да оффлайнды қатар алып жүрген әлдеқайда тиімді», – дейді мұғалім.

Ютубтың қыр-сырын меңгерген Нұрғазы Қапбаров онлайн білім қала емес ауыл оқушыларына тиімді екенін алға тартады. Өйткені,  үздік мұғалімнің әдістемесі ауыл балаларына қолжетімсіз. Ал ютуб және өзге де онлайн платформалар ізденген оқушыға ашық.

«Бір сапалы мұғалімнен 1000 оқушы білім алады бір мезетте. Екіншіден қолжетімділігі. Қашықтағы, ауылдағы оқушылар қаладағы үздік мұғалімнен білім ала алады. Тегін сабақ өттім, оқушылардың  сұранысы жоғары”, — дейді ютуб мұғалімі Нұрғазы Қапбаров.

Мамандардың пікірінше, алдағы бес жылда мұғалімдер онлайн платформаны жетік меңгеріп, оқушылардың білімге деген құштарлығын арттырады. Әзірге мұндай жаңа технологияны жетік білгендер  некен-саяқ.  Десе де киберпедогогика, сандық технология қазіргі ұрпаққа қажет екенін жоққа шығаруға болмайды.

«Өсіп келе жатқан ұрпақ, осыған бейім. Толығымен консервативті қарап, мұғалімдер соған бейімделіп, пайдалы ақпарат бере бастағаны дұрыс. Бала интернеттен тәрбие алады деген сандырақ қой негізі. Бала тәрбиені үйден ата-анасынан алады», — дейді кәсіпкер Бөгенбай Серікбай.

Айта кетейік, көрші Ресейде киберпедогогика бұрыннан трендте. Мұғалімдер тіпті жазушылар санымен кәдімгі  сайысқа түседі. Бірақ, мамандар дәстүрлі форматтың қашанда онлайн білімнен озық тұратынын естен шығармаған дұрыс деген пайымда.

Jasyn

Jasyn

Next Post
Еліміздің мектептерінде оқушылар алты күн оқуы мүмкін бе

Еліміздің мектептерінде оқушылар алты күн оқуы мүмкін бе

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Жағдай ушығып жатыр: Қазақстанда қайтадан локдаун енгізілуі мүмкін бе

Жағдай ушығып жатыр: Қазақстанда қайтадан локдаун енгізілуі мүмкін бе

4 года ago
Жазушы Несіпбек Дәутайұлы өмірден өтті

Жазушы Несіпбек Дәутайұлы өмірден өтті

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In