2023 жылдың 7 айындағы импорт
2023 жылдың небәрі 7 айында Қазақстанға салмағы 43,5 мың тонна қарбыз бен қауын 8 911,1 мың АҚШ долларына импортталған — Өзбекстаннан 34,0 мың тонна 6 444,2 мың АҚШ долларына, Ираннан 3,1 мың тонна 2 389,8 мың АҚШ долларына, Тәжікстаннан 421,5 тонна 65,3 мың АҚШ долларына және т.б.
Салмағы 2,9 мың тонна құны 959,6 мың АҚШ долларының бақша өнімдері экспортталды. Оның ішінде Моңғолияға 940,8 тоннасы 59,6 мың долларға, Латвияға 574,2 тоннасы 218,3 мың долларға, Украинаға
716,0 тоннасы 467,6 мың долларға, Германияға
252,3 тоннасы 125,5 мың долларға, Польшаға 271,3 тоннасы 56,1 мың долларға, Эстонияға 115,2 тоннасы 16,4 мың долларға және т.б.
2022 жылдың 7 айымен салыстырғанда экспорт 1,8 мың тоннаға өскені байқалады.
2021-2022 жылдардағы импорт
Жалпы, 2021-2022 жылдары Қазақстанға шет елдерден құны
23 257,53 мың АҚШ доллар салмағы 97,5 мың тонна қарбыз бен қауын әкелінді.
2021 жылы елімізге салмағы 25,2 мың тонна құны 5,1 мың АҚШ доллары, 2022 жылы 46,1 мың тонна 8,6 мың АҚШ долларын құрайтын қарбыз әкелінген.
Соңғы екі жылда негізгі жеткізуші елдер қатарында: Өзбекстан –
66,1 мың тонна 10,7 мың АҚШ долларына, Иран – 4,2 мың тонна
2,6 мың АҚШ долларына, Тәжікстан – 1,3 мың тонна 204,4 мың АҚШ долларына.
2021 жылы салмағы 10,1 мың тонна құны 3,6 мың АҚШ доллары, 2022 жылы 16,2 мың тонна 5,8 мың АҚШ долларын құрайтын қауындар әкелінген.
Өзбекстаннан 25,5 мың тонна 9,2 мың долларына, Ираннан
393,1 тонна 114,4 мың долларына, Түрікменстаннан 116,3 тонна
54,5 мың долларына, Тәжікстаннан 114,6 тонна 40,4 мың долларына қауын әкелінді.