• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Оқиға

Қазақстандық оқушылар Ұлыбританияда өткен робототехникадан халықаралық жарыстарда жеңіске жетіп, рекорд орнатты

by Jasyn
06/03/2024
in Оқиға
0
Қазақстандық оқушылар Ұлыбританияда өткен робототехникадан халықаралық жарыстарда жеңіске жетіп, рекорд орнатты
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Ұлттық құрама сапында 15-17 жас аралығындағы 12 оқушы өнер көрсетті. Олардың барлығы робототехника бойынша қазақстандық және халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері.

Бірінші «FIRST Tech Challenge – West Midlands» жарысы 28 маусымда Вулвергемптонда, Уэст-Мидлендс графтығында өтті. Онда қазақстандық оқушылар 10 ойынның 10-ында жеңіске жетіп, үздік өнер көрсеткен командаға берілетін бас төреші номинациясының Judges Award жүлдесін жеңіп алды.

1 шілдеде Лондонда «FIRST Tech Challenge – South East» екінші жарысы өтті. Ойындарға британдық мықты командалардан бөлек, басқа елдерден де келген жасөспірімдер қатысты. Онда оқушыларымыз 10 ойынның 9-ында жеңіске жетіп, І орынды жеңіп алды. Сондай-ақ оқушылар қазылар алқасының екі марапатына ие болды – Judges Award және Control Award сыйлығы.

«Біздің Ұлыбританияға сапарымыз шынымен де тарихи сәтке толы болды. Оқушыларымыздың тәжірибелері бәсекелестерінен бірнеше есе аз болса да, олар өздерін жақсы жағынан көрсете білді және үздік нәтиже көрсетті. Сонымен қатар FIRST бағдарламасының жеке қорында 80 млн доллар стипендиясы бар және робототехника чемпионатының жеңімпаздары әлемнің жетекші университеттеріне, соның ішінде MIT, Yale және басқа да үздік университеттерге тегін оқуға өтініш бере алады», — деді USTEM Robotics Қазақстандағы және Орталық Азиядағы робототехника дамыту қорының негізін қалаушы Нұрдәулет Досмағамбет.

Қазақстандық оқушылар бір айға жуық уақытын өз мектептерінің зертханаларында өткізіп, роботтарын құрастыруға арнады. Жас өнертапқыштар робот бөлшектерін өздері модельдеді, содан кейін мектеп шеберханаларындағы 3D принтер мен лазерлік машиналарда жобаларын жүзеге асырды.

«Робототехниканың арқасында біз әлемді тануға, саяхаттауға және басқа елдердің үздік оқушыларымен кездесуге мүмкіндік алдық. Ұлыбританияға жасаған бұл сапарымыз өз қабілеттерімізге сенімділік берді. Біз Англия мен Солтүстік Кипрдің ең мықты командаларымен елдің намысын қорғау үшін жарыстық, ал ойындар арасында қарсыластарымызға көмектесіп те тұрдық. Бұл бізге қызықты болды, өйткені бұл жарысқа екінші жыл ғана қатысып жатырмыз, бірақ ондаған жылдар бойы дайындық жүргізген командалардан жақсырақ өнер көрсеттік. Ұйымдастырушылар мен басқа командалардың жаттықтырушыларынан алғыс сөздер естігенімізге қуандық», — дейді оқушы Нұрасыл Бейсенбай.

FIRST ҚР Оқу-ағарту министрлігінің оқушылар мен мұғалімдердің қатысуы үшін ұсынған олимпиадалар тізіміне енгізілген. Жыл сайын FIRST демеушілігімен 6 мен 18 жас аралығындағы балалар арасында түрлі жарыстар өткізіледі. Әр сайыстың тақырыбы мен тапсырмаларының күрделілігі әртүрлі.  Тапсырмалар нақты әлемдік мәселелермен байланысты, мысалы, өнеркәсіптік автоматтандыру, тау-кен өндіру, қалдықтарды өңдеу, ғарышты зерттеу, биомедицина және басқа да маңызды тақырыптар.

Tags: Control AwardFIRST Tech ChallengeJudges AwardҚазақстандық оқушыларрекорд орнаттыробототехникаробототехникадан халықаралық жарысҰлыбритания
Jasyn

Jasyn

Next Post
Атырау облысында дизель отыны мен алкогольді заңсыз сатқан

Атырау облысында дизель отыны мен алкогольді заңсыз сатқан

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Жастардың жанашырлығы жанға қуат береді

Жастардың жанашырлығы жанға қуат береді

6 месяцев ago
Полиция атын жамылып, ай сайын төлем талап еткен

Полиция атын жамылып, ай сайын төлем талап еткен

1 год ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In