CheckDoc – 2021 жылдың желтоқсанында Тоты Сматова жасаған сандық зертхана. Сервис үйде диагностика жүргізуге мүмкіндік береді. Жедел медициналық диагностика әрбір клиентке сапалы тексеруден өтуге және ауруды ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді. Жас ұжым емді сапалы әрі қолжетімді еткісі келеді.
«Біздің дәстүрлі зертханалардан айырмашылығымыз бен артықшылығымыз технологиялық ДНҚ-да және тапсырыстар мен келулерді өңдеу жылдамдығында. Тапсырыс берген сәттен бастап оны жүзеге асыруға дейін 40-60 минут өтеді. Біз медициналық диагностиканың Airbnb сияқтымыз. Біздің күшіміз – клиентке не қажет екенін білеміз және онымен қалай байланысу керектігін түсінеміз», — дейді жобаның негізін қалаушы Тоты Сматова.
Pre-seed раунды қызметтің технологиялық жағын кеңейту және нақтылау үшін өткен жылы ашылды.
«Ұзақ мерзімді перспективадағы мақсат – жергiлiктi диагностика нарығының 15%-ын алып, жасанды интеллект көмегімен жобаның IT құрамдас бөлігін күшейту және диагностикаға басымдық беретін №1 медициналық қызметке айналу. Ел денсаулығына өз үлесімізді қосып, халқымыздың денсаулығын жақсартып, тұрмысын түзегіміз келеді. Біздің инвесторлар жобамызға қолдау білдіріп, біраз елдерге жол ашады деген үміттеміз», — деп бөліседі CheckDoc негізін қалаушы.
Олжас УКЕНОВ, Almak Capital басқарушы серіктесі:
«Жаһандық цифрлық денсаулық сақтау нарығы жыл сайын өсіп келеді. Тек соңғы үш жылда ол екі есеге жуық өсті: 2020 жылғы 216 миллиард доллардан 2023 жылы 417 миллиард долларға дейін. Біз цифрлық денсаулық сақтау жобаларының жақын болашақта табыстылығын арттыруға мүмкіндігі бар деп есептейміз. CheckDoc — тұрақты қаржылық моделі бар стартап. Компания тек оң динамика көрсетіп келеді. Сондықтан біз компанияның жаңа нарықтарға шығуына мүмкіндік беретін стартаптың технологиялық жағынан жетілдірілуіне көмектесу үшін Pre-seed сатысында CheckDoc-қа инвестиция құйдық».