• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home ковид

Қазақстандық ғалымдар коронавирусқа қарсы бес вакцина әзірледі

by Jasyn
06/03/2024
in ковид
0
Қазақстандық ғалымдар коронавирусқа қарсы бес вакцина әзірледі
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

БҒМ Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының (БҚПҒЗИ) ғалымдары коронавирус инфекциясына қарсы бес вакцина әзірледі, деп хабарлайды БҒМ баспасөз қызметі.

Олардың ішіндегі ең танымалы — тиімділігі клиникалық зерттеулермен дәлелденген, белсенділігі жойылған «QazVac» вакцинасы. Отандық вакцина туралы мақала The Lancet тобына кіретін беделді EClinicalMedicine медициналық журналында жарияланды.

Сондай-ақ, БҚПҒЗИ ғалымдары 1 суббірлікті, 2 рекомбинантты және 1 тірі вакцина әзірледі. «Пандемия кезінде біз бірден бес платформада бірнеше коронавирусқа қарсы вакцина жасай бастадық. Бұл инактивтендірілген «QazVac» вакцинасы, вирус ақуызына негізделген «QazCOVAC-P» суббірлікті вакцинасы, екі рекомбинантты және бір тірі вакцина.

«QazCOVAC-P» суббірлікті вакцинасы клиникалық зерттеулерден өтіп жатыр. 44 еріктінің қатысуымен зерттеудің бірінші кезеңі аяқталды. Қазір 200 еріктінің қатысуымен клиникалық зерттеулердің екінші кезеңі жүргізілуде. Бұған дейін «QazCOVAC-P» вакцинасы зертханалық жануарларға жасалған клиникаға дейінгі зерттеулерден сәтті өтті. Оның ішінде, макака-резус маймылдары да болды», — деп атап өтті БҒМ Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры, биология ғылымдарының докторы, профессор Күнсұлу Закарья.

«QazCOVAC-P» суббірлікті вакцинасы вирус ақуызы мен май компонентінен тұрады. Сынақтар 18 жастан асқан еріктілер арасында өтті. Осы кезеңде вакцина өз қауіпсіздігін көрсетті. БҚПҒЗИ ғалымдары әзірлеген каприпоксвирус пен тұмау вирусына негізделген рекомбинантты вакциналардың әзірге атауы жоқ. Бірінші рекомбинантты вакцина зертханалық жануарларда клиникаға дейінгі сынақтардан өтіп жатса, екіншісі — эксперименттік үлгілерді алу және дайындау мен бақылаудың стандартты әдістерін әзірлеу сатысында. Тірі вакцина әлсіреген SARS-CoV-2 вирусы мен тұрақтандырғыш компоненттер негізінде жасалады. Аттенуирленген штамм алу үшін 150-ден астам пассаж жүргізілді. Қазір вакцинаның иммунобиологиялық қасиеттері тексерілуде.

Сондай-ақ, ғалымдар тірі вакцина жасаудың стандартты әдісін әзірлеп жатыр. Препарат зертханалық жануарларға сынақтан өтті. Алдын ала мәліметтер бойынша, вакцина қауіпсіз және жоғары иммуногенді болып табылады. ҚР БҒМ БҚПҒЗИ аса қауіпті вирустарды зерттеумен айналысатынын атап өткен жөн. Осы уақытқа дейін БҚПҒЗИ ғалымдары препараттардың 60-тан астам атауын, оның ішінде 16 тест-жүйесін және 15-тен астам түрлі биопрепараттарды әзірлеп шығарды.

Соңғы 10 жылда институт ғалымдары құс және шошқа тұмауы, нодулярлық дерматит, түйе шешегі мен бруцеллезге қарсы және басқа да отандық вакциналарды дайындау технологиясын жасады.

Jasyn

Jasyn

Next Post
Қазақстандық оқушылардың оқу үлгерімі күрт төмендеді

Қазақстандық оқушылардың оқу үлгерімі күрт төмендеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Ғалымдар смартфондардың жаңа пандемияға әкелетінін айтты

Ғалымдар смартфондардың жаңа пандемияға әкелетінін айтты

4 года ago
Субсидияны «бір алып, бір қосқаннан» кәсіпкерлік дамымайды.

Субсидияны «бір алып, бір қосқаннан» кәсіпкерлік дамымайды.

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In