• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Медицина

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҒАЛЫМДАР АЛЬЦГЕЙМЕР ЖӘНЕ ПАРКИНСОН АУРУЛАРЫНА ҚАРСЫ ДӘРІ ЖАСАП ЖАТЫР

by Jasyn
06/03/2024
in Медицина
0
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҒАЛЫМДАР АЛЬЦГЕЙМЕР ЖӘНЕ ПАРКИНСОН АУРУЛАРЫНА ҚАРСЫ ДӘРІ ЖАСАП ЖАТЫР
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Дәрілік препаратты дайындау үшін Қазақстанның оңтүстік аймақтарында өсетін түйе тікенегі пайдаланылады. Отандық зерттеушілер өсімдіктен атеросклероздың бастапқы формаларын емдеуде тиімді биологиялық белсенді заттарды алды.

«Біз дәрілік өсімдік – түйе тікенегіне зерттеу жүргізу үшін Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің грантын алдық. Содан кейін біз оның құнды қасиеттерін анықтадық. Біз өзіміз ашқан жаңалықты Португалияда таныстырдық. Олар біздің ғылыми әзірлемелерімізге қызығушылық танытып, ынтымақтастық ұсынды. Жобаны орындау кезінде флавоноидтардың суда еритін формаларын аламыз, оларды көміртекті наноматериалдармен модификациялаймыз. Шетелдік ғалымдар жедел тест өткізіп, біз анықтаған наноматериалдар Альцгеймер және Паркинсон ауруларының дамуына кедергі келтіретінін және пациенттерді аурудың алғашқы кезеңдерінде емдеуге көмектесетінін растады. Сонымен қатар түйе тікенегінен алынған модификацияланған биологиялық белсенді заттардың жанама әсерлері жоқ және адам денсаулығы үшін қауіпсіз болып танылды», – деді Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің зерттеуші-профессоры Нұрбол Аппазов.

Қызылордалық ғалымдар шетелдік әріптестерімен бірге байқауға қатысу үшін өтініш беріп, Horizon-2020 бағдарламасы бойынша Еуропалық Одақтың грантын жеңіп алды. Енді ғылыми топ клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулер жүргізуді жоспарлап отыр.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ғалымдарында басқа да көптеген инновациялық жобалар бар, олардың бір бөлігі коммерцияландырылған. Мәселен, химик ғалым, профессор Нұрбол Аппазов қара алтынды мұнай шламынан өңдеудің тиімді әдісін ойлап тапты. Жоба Құмкөлдің ірі мұнай-газ кен орындарының бірінде енгізілді. Қазақстандық ғалымның жобасы көптеген шетелдік жобалар арасынан топ жарып, ең үнемді жобалардың бірі ретінде танылды.

Ғалымдардың күріш сабанынан целлюлоза алу жобасы қағаз өндірісінде қолданысқа енгізілді. Бұрын астық жинап, өңдегеннен кейін мыңдаған тонна күріш сабаны мен қауызы қолданылмай өртелетін. Ғалымдардың жұмысының арқасында экологияға таза шешім табылды. Қазір күріш сабанының дәндері мен қабығынан қағаз, белсендірілген көмір және тыңайтқыш — биочар жасалады.

Соңғы үш жылда қызылордалық ғалымдар 60 бірегей ғылыми әзірлемені патенттеді. 10-нан астам инновациялық жобаны коммерцияландыру жоспарда бар.

Tags: түйе тікенегі
Jasyn

Jasyn

Next Post
ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Жамбыл облысы жаңартылатын энергия көздерін пайдалану бойынша алдыңғы орында

Жамбыл облысы жаңартылатын энергия көздерін пайдалану бойынша алдыңғы орында

3 года ago
Назым Қызайбай қарсыласы Ангелина Лукасқа қатысты адам шошырлық шындықты айтты

Назым Қызайбай қарсыласы Ангелина Лукасқа қатысты адам шошырлық шындықты айтты

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In