Ресейлік Кәсіпқой футбол лигасына (КФЛ) «Қайрат-Мәскеу» атты жаңа клуб қатысады, ол «Батыс» аймағында өнер көрсетеді, — деп хабарлайды Meta-ratings.kz.
Клуб өкілдері Алматыдан Мәскеу облысына аттанған, онда олар ұйымдастыру мәселелерімен айналысады. Турнирдің басталуы биыл тамызға жоспарланған.
«Қайрат-Мәскеу» Красногорскіде орналасады, өз алаңындағы ойындарын да сонда өткізеді. Команданы Кирилл Кекер жаттықтырады, оған Евгений Коструб пен Вадим Боровский көмектеседі.
Басылым мәліметінше, команданың негізгі ойыншылары «Қайраттың» дублі — «Қайрат-Жастар» сапынан құралады. «Қайрат-Жастар» қазір Қазақстан Бірінші лигасында ойнап жатыр. Бұл команданың негізгі футболшылары Ресейде ойнайтын клубқа ауысса, «Қайрат-Жастар» сапын академияның жас тәрбиеленушілері толтырады.