• RU
Вторник, 20 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Саясат

Қазақстандық бизнесмен Қырғызстан президентінің кеңесшісі болды

by Jasyn
06/03/2024
in Саясат
0
Қазақстандық бизнесмен Қырғызстан президентінің кеңесшісі болды
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстандық кәсіпкер Алмаз Ибрагимов Қырғызстан президентінің кеңесшісі болып тағайындалды. Сәйкесінше бұйрық Қырғызстан президентінің ресми сайтында жарияланды деп хабарлайды nur.kz.
«Ибрагимов Алмаз Турдуметұлы Қырғыз Республикасы президентінің кеңесшісі болып тағайындалды», — делінген сайтта.
Сонымен қатар Ибрагимовтің Қырғыз КСР-нің Ыстықкөл облысында дүниеге келгені, алайда мансабын Қазақстанда бастап, ірі өндірістік кәсіпорындардың топ-менеджері болып жұмыс істегені атап өтілген. Сондай-ақ, оның Қазақстан экономикасын дамытуға қосқан зор үлесі үшін «Құрмет» және «Отан» ордендерімен, «Еңбек даңқы» төсбелгісінің үш дәрежесімен марапатталғаны, І, ІІІ дәрежелі «Барыс» орденінің иегері, Қазақстанның минералды ресурстар академиясының құрметті академигі және С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің құрметті профессоры атағына ие екені айтылған. 24.kg-тің жазуынша, Алмаз Ибрагимов 1948 жылы 26 мамырда дүниеге келген. Оның екі інісі және қарындасы бар.
Ибрагимовтің қарапайым отбасынан шыққаны да сөз етілген. Ол 13 жасынан бастап құрылыста жұмыс істеген. Отан алдындағы борышын өтегеннен кейін болашақ кәсіпкер Ташкент халық шаруашылығы институтын тәмәмдаған. Кейін Мәскеудің заманауи бизнес институтының дипломын алады. Алғашында Ибрагимов слесарь, жабдықтау инженері, инженердің орынбасары болып жұмыс істеген. Ал 1990 жылдары Алмаз Турдуметұлы Қазақстанға қоныс аударып, мансабы өрге жүзе бастайды. Мұнда ол Қаскелеңдегі «Полимер» зауытының директоры, Павлодар алюминий зауытының бірінші вице-президенті болады.
Сондай-ақ, «Қазақстан алюминийі» АҚ-ны басқарып, кейіннен Павлодардағы «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ президенті қызметін атқарады. Басылым сонымен бірге, Ибрагимовтің Ресейдің Экономикалық ғылымдар және кәсіпкерлік академиясының коммерция докторы екенін де атап өткен.

Jasyn

Jasyn

Next Post
Таразда әлеуметтік дүкен ашылды

Таразда әлеуметтік дүкен ашылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Режиссер киножурнала «Ералаш» выразила благодарность жамбылским полицейским

Режиссер киножурнала «Ералаш» выразила благодарность жамбылским полицейским

2 года ago
2022 жыл Ахмет Байтұрсынұлына арналады

2022 жыл Ахмет Байтұрсынұлына арналады

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In