Қазақстандық астролог Ботагөз Жұмакаримова жаңа 2022 жылы елімізде және әлемде болатын өзгерістерді болжады. Маман келер жыл эмоцияналды, кей тұстарда агрессияға толы болатынын айтады. Еліміздегі саяси өзгерістер, экономикадағы ахуал жайлы болжамдарынан бөлек, астролог Барыс жылы қазақстандықтарға не әкелетінін Stan.kz тілшісіне айтып берді.
Келе жатқан Барыс жылы 2020, 2021 жылға қарағанда эмоцианалдылық бойынша ауыр болады. Планета қаңтардан шілдеге дейін Сарышаян белгісінде орналасады. Адамдарда тұрақсыздық сезімі, қорқыныш, өздерін қауіпсіздікте сезінбеуі байқалады. Астролог Ботагөз Жұмакаримова болжамын түсіндірді.
2022 жыл: табиғи апаттар, агрессия және қақтығыстар
“Бір жыл бойы тұрақты түрде көрініс табатын агрессияның тамыздан желтоқсанға дейін ағыны күшейе түседі. Саяси сахнада, бүкіл әлемде қақтығыстар орын алады. Агрессия жылдың екінші жартысында көбейе түседі”, – дейді астролог.
2022 жылы экологиялық проблема туындауы ғажап емес екенін астролог баса айтты.
“Қыркүйек айында табиғи апаттар болуы ықтимал, соның ішінде көлге, мұхитқа байланысы қауіп бар. Сондықтан су ресурстарына мән беру қажет”, – дейд ол.
2022 жылдың мәні – руханият дейді маман. Айтуынша, Юпитер балық белгісінде болады. 3 қаңтарда осы белгіге кіреді. Юпитер – алғыс айту, руханилықтың белгісі. Ал балық – философиялық белгі.
Сондықтан келер жылы руханилыққа бет бұрып, алудың ғана емес, берудің де маңызды екенін түсіну қажет.
“Табиғатқа да, саясатқа, адамдарға да қатысты. Алғыс айта алу, алғаннан гөрі, көп беру керек, махаббат сыйлау қажет.
Осы қағидаларға сүйенсе, адамдар үшін осы жыл жеңіл тиеді. Бұл жыл адамдар сауда жасауды, тұтынуды, уақыт жұмсауды түйсікпен сезіне отырып жасайтын кезең”, – дейді астролог.
Келесі жыл кімдер үшін сәтті болады?
Астролог материалдық проблемаларды ысырып қойған азаматтар үшін 2022 жыл сәтті болады деген болжам жасап отыр.
“Егер адам “жұмыссыз қаласың” “табыссыз қаласың” деген қорқыныштан арылып, оны жеңе алса келесі жылы айы оңынан туады. Балық белгісі көп адамға сәттілік әкелуші ретінде белгілі.
Юпитер таза ниетті, адал жандарды жақсы көреді. Белгілі-бір пайда алу үшін емес жан-тәнімен беріліп әрекеттенетіндерді ұнатады. Жүрекпен әрекет еткендер үшін келер жыл өте жемісті болмақ. Келесі жыл қазақстандықтар үшін отбасы күні. Егер әлемді өзгерткің келсе, отбасыңа бар, сүй, көңіл бөл. Қарым-қатынасқа мән беру керек, дейді ол”, – дейді маман.
Қазақстанда саяси өзгерістер бола ма?
“Иә, қазірдің өзінде өзгерістер болып жатыр, “тазалау” процессі жүріп жатыр. Айдың оңтүстік полюске түсуін оңтүстік торап деп атайды. Бұл уақытта адамдардың шынайы бет әлпеті ашылады. Қаңтардан шілдеге дейін үкімет өзгеруі мүмкін. Саяси өкілдердің көбі халыққа шын мәніндегі қалыптарымен келеді. Көп адам өзі үшін белгілі бір қорытынды жасайды. Жастар үшін үлкен мүмкіндіктер ашылады. Себебі суқұйғыштар кезеңінде консерватизмге жоқ жоқ, бұл революция жасаушының белгісі, әрине жақсы мағынады”, – дейді астролог.
Маманның пікірінше, елді түпкілікті өзгерістер мен трансформациялар күтіп тұр.
Қазақстан мен әлемдік экономика
“Мундан астологиясына сүйенсек, экономикалық жағдай өзгермелі, ауыспалы болады. Ал көктем мен жаз айларында әлемдік экономикада жаһандық деңгейде өзгерістер күтеді деп болжады.
Экномика бүкіл елде, бізде де тұрақсыз болады. Доллар бағамы күшейеді, өз позициясын нығайта түседі, теңге өз құнын жоғалта бастайды. Жылжымайтын мүліктің нарықтағы бағасы қамбаттайды”, – дейді Ботагөз Жұмакаримова.
Жұлдыз белгілеріне кеңестер
Келесі жылы от белгілеріне, байсалды, мейрімді бола түсу керек. Руханилықты дамыту қажет. Бұл белгілерге: тоқты, арыстан, мерген жатады. Өз-өзіңе деген сүйіспеншілікті арттыру маңызды. Бұл белгілерге қоғамның көзқарасы мен өзгенің пікірі қатты әсер етеді. Сондықтан олар өздеріне Жаңа жылда: “Бұл шын мәнінде мен қалаған нәрсе ме, әлде қоғамның қалауы ма?” деген сұрақ қойып үйренуі тиіс.
Жер белгілері: торпақ, бикеш, тауешкілер. Оларға материалдық жағдайға қатысты қорқыныштан арылып үйрену қажет. Бұл белгілер пәтер, көлік, шотында ақшасы болған кезде ғана өздерін қауіпсіз сезінеді. Сол кезде әлемге деген сенімі ұлғая түседі.
2022 жыл олар үшін сабақ алатын кезең. Қаржылық жағдайда шығындар болады. Бұл сынақ адамға сүрінбей өтіп, материалдық жағдайдан да маңызды нәрселер барын түсіну үшін беріледі. Адам өзінің ең біріншіден жан, рух екенін ұғынуы тиіс. Бәрі Құдайдың қолында және бір сәтте өзгеріп кетуі мүмкін. Осы нәрсені қаншалық тез түсінсе, олар жылдам табысқа кенеледі.
Су белгілері: шаян, сарышаян және балықтар. Оларға эмоцияны ұстай білуге үйрену қажет. Жүрекпен, эмоциямен емес ақыл-ойға салып, тәртіпке баса назар аударыңыздар. Өмірдегі стратегияға сүйеніп жүру үшін қиял әлемінен түсіп, шынайы өмірдің атмосферасына ену қажет.
Ауа белгілері: егіздер, таразы, суқұйғыш. Олардың ортасы өзгеруі мүмкін. Осы орайда коммуникация ортасына мән беру маңызды. Жұмыс орнын, тұрғылықты елін, жерін ауыстыруы ғажап емес. Жақсы, сапалы достыққа құруға талпыныс жасау керек. Себебі бір қарағанда достар да, жанашырлар да көп сияқты көрінеді. Бірақ шын мәнінде олардың саны өте аз.
Ботагөз Жұмакаримованың сөзінше, Барыс жылының жауынгершілік мәні бар.
“Даналық, өз позицияңды білдіре алу, құқығыңды білу, нені қалап, нені қаламайтынымызды анықтау.
Қазақстандықтар арасында “еңбек пен шыдамдылық нәтижесінде көп нәрсеге жетуге болады” деген құндылығының астарында көп мағына жатыр. “Шыда” деген қазақтың дана сөзі бар. Қазір көпшілігі бұған қатысты теріс пікірлер айтса да, меніңше оның мәні өзгеше. Шын мәнінде белгілі бір нәрсе үшін шыдап соңына дейін бару керек пе әлде осы арқылы сен өзіңнен аттап өтесің де, осы жерде шекараны білу қажет. Барыс жылы – осы межені анықтайтын уақыт.
Сондай-ақ қазақстандықтар үшін бұл жыл тұрақты әрі жақсы жыл болмақ. Соның ішінде, 2022 жыл шығармашылықта жаңа есімдердің шығуына әсер етеді”, – деп қорытындылайды ойын отандық астролог.