• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Қоғам

Қазақстандағы тағы бір университет бас лицензиясынан айырылды

by Jasyn
06/03/2024
in Қоғам
0
Қазақстандағы тағы бір университет бас лицензиясынан айырылды
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Алматы қаласындағы Шет тілдер және іскерлік карьера университеті бас лицензиясынан айырылды. Бұл туралы БҒМ хабарлайды.

Бұған дейін ҚР БҒМ жоғары оқу орны бас лицензиясынан айыру алдында тұрғаны туралы хабарлаған болатын. Қайта тексеру қорытындысы бойынша тексеру парағының 46 тармағынан 39 тармағы бойынша бұзушылықтар анықталды. Университетке сәйкессіздіктерді жоюға уақыт берілді. Алайда, жоғары оқу орны берілген уақытты білім беру қызметтерінің сапасын жақсарту үшін қажетті жұмысты жүргізу мәселесіне емес, сот талқылауына және ҚР БҒМ комитетінің іс-әрекеттеріне шағымдануға жұмсады.

Нәтижесінде Алматы қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен жоо бас лицензиясынан айырылды. Сондай-ақ Алматы қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2021 жылғы 18 тамыздағы шешімімен жоғары оқу орыны нұсқаманы орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Біз жоғары оқу орындарына бұзушылықтарды жоюға уақыт береміз, алайда олар кемшіліктермен жұмыс жүргізбейді. Осыған байланысты кейінірек қатаң шаралар қолдануға тура келеді. Университеттердің оқу жағдайларын, білім беру бағдарламаларын және тұтастай алғанда, студенттерді белгілі бір мамандықтарға оқытуға деген көзқарасын жақсартуы үшін бұл өте маңызды. Әйтпесе, жоғары оқу орындары сапалы білім емес, тек дипломдар беретін болады. Мысалы, Шет тілдер және іскерлік карьера университетінде білім беру сапасын қамтамасыз етудің ішкі жүйесі қалыптаспаған. Білім беру бағдарламаларын, жеке оқу жоспарларын талдау белгілі бір пәндер бойынша кредиттерді игеруде үлкен айырмашылықтарды көрсетті. Тиісінше, білім алушылар пәндерді толық көлемде меңгермейді. Оқыту нәтижелері бойынша студенттердің 90%-ы шекті деңгейден өте алмады», – деп атап өтті ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова.

Заңнамаға сәйкес, лицензиядан айырылған жағдайда білім алушылар семестрдің аяқталуын күтпей-ақ басқа университеттерге ауыса алады. Студенттер мен ата-аналарды және жұмыс берушілерді жоғары оқу орындары көрсететін білім беру қызметтерінің сапасына назар аударуға шақырамыз.

Еске салсақ, бұған дейін Шет тілдер және іскерлік карьера университеті бас лицензиядан айырылу алдында тұрғандығы туралы хабарладық. Сонымен қатар Шымкентте екі университет бас лицензиясынан айырылып, жабылды.

 

Jasyn

Jasyn

Next Post
Қазақстан 2060 жылға қарай көміртегінен таза ел болуды көздейді – Тоқаев

Қазақстан 2060 жылға қарай көміртегінен таза ел болуды көздейді – Тоқаев

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Шымкент «қызыл», ШҚО «сары аймаққа» өтті

Шымкент «қызыл», ШҚО «сары аймаққа» өтті

4 года ago
Жазушы Аягүл Мантайдың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Жазушы Аягүл Мантайдың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In