• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Әлеумет

Қазақстандағы көліктер жаппай табиғи газға көшірілуі мүмкін

by Jasyn
06/03/2024
in Әлеумет
0
Қазақстандағы көліктер жаппай табиғи газға көшірілуі мүмкін
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстандағы барлық жолаушылар автобусы, тау-кен өндірісіне қолданылатын көліктер, теміржол локомативтері жаппай табиғи газға көшірілуі мүмкін. Соның арқасында кәсіпорындар бензин мен дизельге жұмсайтын шығындарын 65 пайызға үнемдеп, экологияға орасан септігін тигізеді. Қазір елдегі 4,5 миллионнан астам көлік құралдарының тек сегіз пайызы ғана газбен жүреді екен. Ал бұл табиғатты зиянды қалдықтардан қорғау үшін өте аз дейді сала мамандары.  Бұл туралы “31” арнаның “Информбюро” бағдарламасы хабарлады.

Қазақстанда ірі кәсіпорындар орналасқан Алматы, Атырау, Өскемен, Қарағанды сияқты қалаларда атмосфералық ауаның ластануы өзекті мәселе болып отыр. Үкімет тіпті 2018 жылы осындай ластанған қалалардағы экологиялық ахуалды шешу үшін табиғи газды мотор отыны ретінде пайдалануды кеңейту туралы жоспар бекіткен. Бірақ содан бері оң өзгеріс байқалмаған. Бұл туралы мамандар «Қазақстанда көлікті декарбонизациялауды қолдау» семинары кезінде айтты.

“Менің есебім бойынша ол жоспар тек 30 пайызға орындалды. Бағдарлама бойынша бес жыл ішінде өңірлерде газбен жүретін 12 мың автобус алынуы керек болған. Және бағдарламаны жаңа міндеттермен 2030 жылға дейін созу туралы ұсыныс тастаймыз”, – деді Қазақстан газ-мотор отынын өндірушілер мен тұтынушылар қауымдастығының директоры Азамат Ақышев.

Мамандарының сөзінше, қазір Қазақстанда 4,5 миллионнан астам көлік құралдары бар. Оның тек 4 мыңы табиғи газбен жүреді. Ал гибридтіктік тәсілде, яғни бензин мен газды да қатар қолданатын көліктердің саны — 313 мың. Ал бұл елдегі экологиялық ахуалды реттеу үшін өте аз. Ауаның ластануын азайту үшін Қазақстанда тым болмаса 20 мың көлікті газға көшіру керек дейді сарапшылар.

Мамандар болашақта барлық жолаушылар автобусы, тау-кен өндірісіне қолданылатын көліктер, теміржол локомативтері жаппай табиғи газға көшірілуі мүмкін екенін айтады. Бұл ретте шетелдің тәжірибесі қолданылмақ.

“Техникалық нормаларды сервиспен қамтамасыз етуі, тағы да басқа мәселелері өте көп. Бірақ оны бізге ойлап тауып керегі жоқ. Өйткені көршілес Ресейде бұл мәселе дамыңқырап жүріп жатыр”, – деді «KazTransGaz» АҚ газ өңдеу және газохимияны дамыту департаменті директорының орынбасары Әуезхан Уромбаев.

Айта кетсек, Қазақстан Париж келісіміне қатысушы 195 елдің қатарында әлемдік климатқа зиянды әсер ететін парниктік шығарындылар деңгейін төмендетуге міндеттенген.

Jasyn

Jasyn

Next Post
Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге қосымша жұмыс істеуге заңды түрде рұқсат берілмек

Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге қосымша жұмыс істеуге заңды түрде рұқсат берілмек

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Жобаға қатысқан жастардың 60 пайызы тұрақты жұмысқа орналасуда

Жобаға қатысқан жастардың 60 пайызы тұрақты жұмысқа орналасуда

8 месяцев ago
Қаңтарда Алматы әуежайын басып алуға полиция бастығы жол берген

Қаңтарда Алматы әуежайын басып алуға полиция бастығы жол берген

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In