• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Қоғам

Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу талаптары күшейді

by Jasyn
06/03/2024
in Қоғам
0
Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу талаптары күшейді
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу талаптары күшейе түсті. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жүргізуші куәлігін алу сынағындағы жаңа биометриялық жүйе мен жаңартылған автодромды таныстырды деп хабарлайды Қазақпарат.

«Азаматтарға арналған үкімет» МК басқарма төрағасы Әділ Қожықовтың айтуынша, жүргізуші куәлігін «сатып алу» жағдайлары анықталғаннан кейін мемлекеттік корпорация емтихан барысын бақылауды күшейтті. Ол үшін теориялық емтихан тапсыру кезеңіне арнайы биометриялық жүйе енгізілді.

«Біз жүргізуші куәлігін алу процесін барынша ашық етуді көздейміз және оны әр кезеңде тексеріп отырамыз. Өздеріңіз білесіздер, жақында ғана Цифрлық даму министрі Бағдат Батырбекұлы Мусин келіп тексеру жүргізді. Біз де мұндай жұмыстарды үнемі «құпия сатып алушы» форматында жүргіземіз және осы жұмыстар нәтижесінде біз жаңа биометриялық жүйені енгіздік, бұл барлық адами факторларды жояды, талапкердің орнына басқа адамды кіргізуге жол бермейді. Ал практикалық тест тапсыратын автодромның жабдықтары жаңартылды, GPS жүйесі енгізіліп, автоматтандырылды», — деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Әділ Қожықов Нұр-Сұлтан қаласының №1 мамандандырылған ХҚКО-дағы баспасөз турында.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтандағы №1 мамандандырылған ХҚКО – қаладағы жүргізуші куәлігін алатын жалғыз орталық. Жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыру үшін ең алдымен автомектепте көлік жүргізуді үйреніп, жол ережелерін жаттау керек. Оған қажетті құжаттар қатарында жеке куәлік, 073 үлгісіндегі медициналық анықтама, автокурстан өткені туралы куәлік («B» санаты үшін міндетті емес) және мемлекеттік баж салығын төлегені туралы түбіртек бар. Мемлекеттік баж мөлшері – 1,25 АЕК.

Содан кейін мамандандырылған ХҚКО-ға келіп, талон алады және оператор оны жүйеге тіркейді. Кезегімен теориялық емтихан залына өтеді. Теориялық емтиханда қазақ және орыс тілдерінде 40 сұрақ бар. Оған 40 минут ішінде жауап беруі керек, 32-сіне дұрыс жауап берілсе, емтиханнан өткен болып саналады.

«Азаматтарға арналған үкімет» МК IT-инфрақұрылым департаментінің директоры Марат Тұрсыновтың айтуынша, бұрын «теорияны» тапсыруда емтихан тапсырушы тек жеке куәлігін көрсетсе, енді арнайы биометриялық жүйе оның құжаттағы бейнесі мен бет-әлпетін сәйкестендіреді. Оған қоса, әр теориялық емтихан тапсырылатын компьютер жанына арнайы бейнекамера орнатылған.

«Теориялық емтиханға кірерде биометриялық жүйе жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер қорындағы ақпаратпен сәйкестендіреді. Сынақ тапсырушы қалаған компьютеріне отырады. Компьютер қосылғанда тағы бір биометриялық тексеру жүреді және әр компьютер төбесінде бейнебақылау камерасы болады. Орталық желілері де бірнеше алгоритм бойынша қорғалады және оған сырттан ену мүмкіндігінің жолы кесіледі. Сынақ тапсыру жүйесі User friendly форматында, яғни интерфейсі адамдарға жағымды түстермен жасалған. Сынақ барысын Қазақстан бойынша аранйы ситуациялық орталық бақылап отырады, оған қоса орталықтағы қызметкерлер де бар», — деді Марат Тұрсынов тілшілерге берген сұхбатында.

Спикердің айтуынша, сынақтан өтпей қалған, биометрияда расталмаған адамдарға еш шектеу қойылмайды. Яғни, келесі тәулікте орталыққа келіп, тағы сынақ тапсыра алады. Теориялық сынақты сәтті тапсырғандар көлік жүргізу бойынша практикалық емтиханға жіберіледі. Онда 20 минут ішінде аранйы автодромда 12 жаттығу маневрын жасау керек. Екі емтиханды сәтті тапсырған жағдайда жүргізуші куәлігі мамандандырылған ХҚКО-да екі сағат ішінде беріледі.

Осы орайда «Азаматтарға арналған үкімет» МК Сервис жөніндегі Басқарушы директор Бахтияр Мұхаметқалиев жаңартылған автодромды көрсетті. 2021 жылғы 2 желтоқсанда №1 мамандандырылған ХҚКО-да жаңа GPS жүйесі бар автоматтандырылған автодром іске қосылды. Ол автодром аумағындағы және емтихан барысындағы көлік қозғалысы мен маневрларды есепке алып, талдау жасауға мүмкіндік береді.

«Бұған дейін автодромдағы технологиялар ескі және тиімсіз болды. Қарапайым тілмен айтқанда, әр көліктің бамперіне кішігірім датчик орнатылатын. Сосын автодром ішінде магниттік датчиктер жерге көмілетін. Аздаған соққы болса да осы датчиктер істен шығып, көлік жарамсыз болып, мамандарды шақыруға тура келетін. Ал қазіргі GPS жүйелерінің дәлдігі жоғары, барлығы спутник сигналымен бақыланады. Көлік соғылса да, істен шықпайды. Және ең бастысы – сынақ сапасы күшейді. Бұрылыс көрсеткіші орынсыз жерде қосылса да, жолақты басып кетсе де, апаттық сигнал уақытылы қосылмаса да жүйе ұпайды азайтады. Шекті балл жиналмаса, үміткер сынақтан өтпейді», — деп түүсіндірді Б. Мұхаметқалиев.

Оның айтуынша, жаңғырту жұмыстары Нұр-Сұлтан қаласында басталды. Кезекте Алматы, Шымкент сынды ірі қалалар тұр.

«Мұнда да адами фактор барынша азайтылған. Әр көліктің ішінде бейнекамера мен планшет орнатылған. Жүйенің өзі қате кеткен тұстарын жүргізушіге ескертіп отырады. Сынақ біткенде де қай тұста қате жіберілгені, қанша ұпай жиналғаны жүргізушінің өзіне ашық көрсетіледі. Болашақта рульге отырған адам биометриялық сәйкестендіруден өтпейінше, сынақ басталмайтындай өзгерістер енгіземіз», — дейді мемлекеттік корпорация өкілі. Осылайша, мамандандырылған ХҚКО-ларда жүргізуші куәлігін сатып алу мүмкіндігіне жол берілмейді.

«Бұдан былай мамандандырылған ХҚКО-ларда мұндай мүмкіндіктер болмайтынына сенімдімін. Бұрын талапкердің орнына басқа адамдар емтихан тапсыратын жағдайлар болған. Енді биометриялық растаусыз адам залға да кіре алмайды. Емтихан кезінде биометрияны бес рет растау керек. Алдағы бір-екі айда бұл жүйе барлық өңірлерде болады. Бұл жүйе адам факторын толығымен жояды. Барлығы автоматтандырылған, тіпті бірде-бір қызметкер өздері қаласа да бұған әсер ете алмайды», — деді Әділ Қожықов.

 

Jasyn

Jasyn

Next Post
Дәурен Абаев: Кедейлік – үкім де, таңдау да емес

Дәурен Абаев: Кедейлік – үкім де, таңдау да емес

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Жамбылда тағы 26 ауыл таза ауыз суға қол жеткізді

Жамбылда тағы 26 ауыл таза ауыз суға қол жеткізді

4 года ago
Құда түсуге полицей формасында келген полиция қызметкері өз әрекетімен әлеуметтік желіні тәнті етті

Құда түсуге полицей формасында келген полиция қызметкері өз әрекетімен әлеуметтік желіні тәнті етті

2 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In