• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Әлеумет

Қазақстанда жеке компаниялардағы зейнетақы активтері шығынды көрсетуде

by Jasyn
06/03/2024
in Әлеумет
0
Қазақстанда жеке компаниялардағы зейнетақы активтері шығынды көрсетуде
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

2022 жылдың көктемі — БЖЗҚ зейнетақы активтерін басқаратын Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің де, қазақстандықтар ақшасын сеніп тапсырған жеке компаниялар үшін де инвестициялық қызметі үшін сәтсіз болды.

Жақында БЖЗҚ үшінші ай қатарынан шығынға ұшырағаны белгілі болды: тек мамыр айында олар шамамен 154,1 млрд теңгені құрады.

Ал инвестициялық потрфельді басқарушылардың (ИПБ) инвестициялық қызметіне шолу жұмыстарына сүйенсек, олар да қаржылық шығынға ұшыраған.

Қазіргі уақытта, Қазақстанда инвестициялық портфельді басқаратын (ИПБ) төрт жеке компания жұмыс істейді:

  • Jusan Invest — 3 942,36 млн теңге в управлении;
  • Halyk Global Markets — 2 472,79 млн теңге;
  • BCC Invest — 1 411 302 720 теңге;
  • Сентрас Секьюритиз — 896,76 млн теңге.

Соңғы деректер көрсеткендей, мамыр айында төрт компания да инвестициялық шығынға ұшырады. Мысалы, Halyk Global Markets басқаратын зейнетақы активтерінің кірістілігі 2022 жылдың басынан бері минус 3,73%-ды құрады. Ақшалай есептегенде шығын 100,96 млн теңгеге тең.

Осы жылдың 1 маусымындағы жағдайды сипаттасақ, BCC Invest де шығынды көрсетіп отқаны белгілі. 2022 жылдың басынан бері ақшалай шығындар 58,86 млн теңгені құрады, зейнетақы активтерінің кірістілігі минус 3,53% құрады.

2022 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша, зейнетақы активтерінің ең аз сомасына ие «Centras Securities» компаниясы да инвестициялық қызмет нәтижесінде кейбір қаржылық шығындарды көрсетеді. Осы жылдың басынан бері активтердің кірістілігі минус 4,88%-ды құрады. Ақшалай есептегенде, шығын 46,46 миллион теңгеге жетті.

Jusan Invest мамырдағы инвестициялық шолуда тұрақты табыс көрсеткен жалғыз менеджер болды. Бірақ 2022 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша, ол да біраз шығынға ұшырады. Осылайша, зейнетақы активтерінің кірістілігі минус 1,1%-ды құрады —  ақшалай есептегенде, 68,8 млн теңгеге жетті.

Айта кету керек, сәтсіз көктемге қарамастан, барлық ИПБ-лар инвестициялық кірістің тұрақты өсуін көрсетеді, ал сенімгерлік басқарудағы қаражаттың жалпы сомасы тек өсіп келеді.

Дегенмен, үлкен қаржылық шығын болған жағдайда да инвесторлар өздерінің жинақтарының қауіпсіздігі туралы алаңдамауы керек. Жеке компаниялардың басқаруына берілетін ақша қорғалған, ал ИПБ өзі олардың сақталуына кепілдік береді және сәтсіз инвестициялар болған жағдайда, олар заңды түрде өз қаражаты есебінен шығындарды өтеуге міндетті.

 

 

 

Tags: активтерзейнетақыИПБшығын
Jasyn

Jasyn

Next Post
Қанат Таймерденов Алматы полиция департаментінің басшысы қызметінен кетті

Қанат Таймерденов Алматы полиция департаментінің басшысы қызметінен кетті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Тараздағы аялдамада болған жол апатынан зардап шеккен екі жолаушының қазіргі жағдайы қалай?

Барлық өңірде аурушаңдық деңгейі айтарлықтай төмендеді

4 года ago
Қазақстандық оқушылар информатика бойынша халықаралық олимпиададан құрама қоржынына екі медаль әкелді

Қазақстандық оқушылар информатика бойынша халықаралық олимпиададан құрама қоржынына екі медаль әкелді

2 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In