• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Медицина

Қазақстанда тісті кімдер тегін емдете алады

by Jasyn
06/03/2024
in Медицина
0
Қазақстанда тісті кімдер тегін емдете алады
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстанда тісті кімдердің тегін емдете алатыны белгілі болды. Бұл міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры арқылы жүзеге асады деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

Стоматологиялық қызметке жүгіну үшін алдымен қайда бару керек?

Тіс ауырса, алып ұшып ақылы емханаларға жүгіретіндер бар. Оны емдетудің қай түрі болмасын қалтаңа салмақ салады. Алайда қазір белгілі бір санаттағы адамдарға стоматологиялық қызметтер тегін. Тек ақпаратқа қанық болған абзал. Мемлекет есебінен жеңілдік алған адам болсаңыз, бұл ем-шараның барлығы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында ақысыз жасалады. Жарымжан бала өсіріп отырған жұмыссыз жандар да осы көмекті тегін ала алады. «Бізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қалалық филиалы елордада 36 емдеу мекемесі болатын болса, солардың барлығымен келісімшарт жасап, қадағалап отырамыз. Осы бір жылдан аса осы стоматологиялық көмектің бәрі медициналық алғашқы медкөмек жасайтын емханалар қосалқы келісімшарт арқылы көмек жасайды. Емдеу емханалары сол стоматологиямен жұмыс істейді», — деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Нұр-Сұлтан қалалық филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров.

Елімізде ересектермен қатар балалар арасында да тіс жегісі мен оның асқынған түрі өте көп кездеседі дейді мамандар. Бұл ең әуелі ауыз қуысын дұрыс күтпегеннен болады. Жұмсақ тағамның да әсері бар. Тіс құртының алдын алмаса, буыны бекімеген баланың жақ сүйегіне дейін қисайып, тісі өспей қалуы мүмкін көрінеді.

Сондықтан тіс ауырған бойда жергілікті тіркелген емханаға барып, дәрігерден стоматологияға жолдама алу қажет.

Жүкті әйелдер мен 18 жасқа толмаған балаларға бұл қызметтің барлық түрі ақысыз. Осы орайда мамандар медициналық сақтандыруда арнайы үш пакет қарастырылғанын жеткізді.

«Өзінің тіркелген емханасы бойынша барып дәрігерінен жолдама алады. Қазір карантинге байланысты сол стоматологияға жазылады. Профилактикалық жұмыс өте маңызды. Сондықтан жарты жылда бір рет тіс дәрігерге көріну керек», — деді қалалық штаттан тыс бас тіс дәрігері Жанар Қазыбекқызы.

Jasyn

Jasyn

Next Post
Вакцинадан бас тартқаны үшін зейнетақы төленбеуі мүмкін бе

Вакцинадан бас тартқаны үшін зейнетақы төленбеуі мүмкін бе

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Олимпиада чемпионы Елдос Сметовке 5 бөлмелі пентхаус және (Lexus 600) автокөлігінің кілті табысталды

Олимпиада чемпионы Елдос Сметовке 5 бөлмелі пентхаус және (Lexus 600) автокөлігінің кілті табысталды

10 месяцев ago
Түркістан әуежайынан 47 мыңға жуық жолаушы тасымалданды

Түркістан әуежайынан 47 мыңға жуық жолаушы тасымалданды

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In