• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Қоғам

Қазақстанда техбайқаудан өтпеген көліктер «Сергек» камерасы арқылы анықталатын болады

by Jasyn
06/03/2024
in Қоғам
0
Қазақстанда техбайқаудан өтпеген көліктер «Сергек» камерасы арқылы анықталатын болады
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстандық көліктер үшін техникалық байқаудан өту міндетті болып қала бермек. Сонымен қатар техникалық байқау мерзімі өтіп кеткен көліктер «Сергек» бейнебақылау жүйесі арқылы автоматты түрде анықталады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Депутат Айқын Қоңыров автобус, жүк және такси жүргізушілерін есепке алмағанда, жеке тұлғаларға техникалық байқау мен әкімшілік жазаны алып тастауды ұсынды.

Ол еліміздегі техникалық байқау формальдылыққа айналғанын және азаматтар үшін қажетсіз шығындарға әкеліп соқтыратынын, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыратынын және көлік иесі мен басқа да жол қозғалысына қатысушылардың көлік қауіпсіздігіне ерекше әсер етпейтінін айтты.

Бұған жауап ретінде премьер-министр Әлихан Смайылов міндетті техникалық байқаудан өту заңда қарастырылғанын еске салды.

Ағымдағы жылы техникалық байқау саласында келесі іс-шараларды аяқтау жоспарлануда:

Техникалық байқау операторларының әкімшілік жауапкершілігін күшейту:

— көлік құралынсыз техникалық байқау жүргізгені үшін (тізілімнен алып тастай отырып, 300 АЕК-ке дейін (833 400 теңге) айыппұл салу және 3 жылға дейін қызметке тыйым салу);

— Техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларының талаптарын бұзғаны үшін «Техосмотр» АЖО операторына қатысты әкімшілік жауапкершілікті енгізу (150 теңгеге дейін (416 700 теңге) айыппұл);

— Жалған техникалық байқаудан өткені үшін АТС иелеріне қатысты әкімшілік жауапкершілік енгізу (5 АЕК (13 890 теңге) айыппұл).

Бұл түзетулер биылғы жылы қабылдануы жоспарланған «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына енгізілді.

Сонымен қатар, техникалық байқау операторларының қызметін ашу тәртібі қатайтылады.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ техникалық байқаудан өту мерзімі өткен көліктерді анықтау үшін Ішкі істер министрлігімен және «Сергек» компаниясымен бірлесіп, техникалық байқаудың бар-жоғын автоматтандырылған тексеру бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр”, – дейді премьер-министр.

Jasyn

Jasyn

Next Post
Тоқаев Ресей премьер-министрімен кездесті

Тоқаев Ресей премьер-министрімен кездесті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Болашақ аналар бас қосып, үлгі-өнеге алатын орда

Болашақ аналар бас қосып, үлгі-өнеге алатын орда

1 год ago
Қанағат

Қанағат

3 месяца ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In