Қазақстанда сотталғандардың жаңа бірыңғай киім үлгісі бекітілді, — деп хабарлайды primeminister.kz сайты.
Жаңа киім үлгісі жазғы және қысқы мерзімге арналған.
Сотталғандардың жазғы киім нысаны: шалбарының балақтары мен күртешенің жеңдеріне, сондай-ақ бүкіл арқа тұсы мен кеуде тұсын бойлай тігілген, ені 2,5 сантиметр болатын жарық шағылыстырғыш бір жолағы бар күртеше және шалбар:
- сотталған ерлер мен кәмелетке толмаған ұлдар үшін — сұр түсті;
- сотталған әйелдер мен кәмелетке толмаған қыздар үшін — жасыл түсті;
- тәртіптік изоляторлардағы және жалғыз адамдық камералардағы сотталғандар үшін — қызғылт сары түсті.
Өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталғандар үшін шалбарының балақтары мен күртешенің жеңдеріне, сондай-ақ бүкіл арқа тұсы мен кеуде тұсын бойлай көлденеңінен арасынан 2 сантиметр қалдырып тігілген, әрқайсысының ені 2,5 сантиметр жарық шағылыстырғыш екі жолағы бар күртеше мен шалбар — қоңыр түсті. Бас киім — су өткізбейтін матадан тігілген кепка (әйелдер үшін — үшкіл орамал).
Сотталғандардың қысқы киім нысаны: Шалбарының балақтары мен күртешенің жеңдеріне, сондай-ақ бүкіл арқа тұсы мен кеуде тұсын бойлай тігілген, ені 2,5 сантиметр болатын жарық шағылыстырғыш бір жолағы бар күртеше және шалбар:
- сотталған ерлер мен кәмелетке толмаған ұлдар үшін — сұр түсті;
- сотталған әйелдер мен кәмелетке толмаған қыздар үшін — жасыл түсті.
Өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталғандар үшін шалбарының балақтары мен күртешенің жеңдеріне, сондай-ақ бүкіл арқа тұсы мен кеуде тұсын бойлай көлденеңінен арасынан 2 сантиметр қалдырып тігілген, әрқайсының ені 2,5 сантиметр жарық шағылыстырғыш екі жолағы бар жылы күртеше мен шалбар — қоңыр түсті. Бас киім — иірілген 2 немесе 3 жіптен тоқылған бөрік.