• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Экономика

Қазақстанда мал басына шектеу қойылмақ: Сарапшылар ауыл шаруашылығы министрлігінің жаңа заң жобасына қарсы шықты

by Jasyn
06/03/2024
in Экономика
0
Қазақстанда мал басына шектеу қойылмақ: Сарапшылар ауыл шаруашылығы министрлігінің жаңа заң жобасына қарсы шықты
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

ҚР Ауыл шарушалығы министрлігі дайындап жатқан «Жеке қосымша шаруашылық жайлы» заң жобасы қоғамның қызу талқысына түсуде. Егер аталмыш заң жобасы қабылданса, үйде ұстайтын мал санына шектеу қойылмақ. Бұл тұрғыда елдің пікірі екіге жарылды деп хабарлайды Stan.kz.

«Қазына» агро-холдингінің басқарма төрағасы, Ұлттық қой өсірушілер қауымдастығының төрағасы Алмасбек Садырбаев ауылды жерде мал санын шектеу қисынсыз екенін айтады.

“ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен «Жеке қосымша шаруашылық жайлы» заң жобасын қабылдау тапсырылған-ды. Әрине, ол кісінің көздеген мақсаты дұрыс еді. Бірақ біздің үкімет бұл заңды қазақтың шаруасына қарсы қылып шығарды. Неге десеңіз, ауыл шаруашылығы министрлігі бұл заң жобасын қосалқы шаруашылықтарды қолдау, біріктіру сынды әдемі сөздермен әрлей келіп, «ауыл ішінде ұстайтын малдың санын шектеу қажет» дегенді әкеліп қосып қойды. Ендігі жерде ауыл ішінде бір үйдің екі сиыр ұстауына бола ма жоқ па мұның өзі үлкен сұрақ болып тұр. Бұл заңның орындалуын әлбетте жергілікті әкімдік қадағалайды. Ертең бір қисық-қыңыр әкім Еуропаға барып келіп, ол жақтың бір қаңсық дүниесін, елге келіп таңсық қып тықпалпауы бек мүмкін. Мәселен, «Еуропада мал жүрмейді екен», «көшеде тезек жатпайды екен» деп ауылды сергелдеңге салмасына кім кепіл?! Өйткені қазаншының өз еркі емес пе, қайдан құлақ шығарса да?!” – дейді ол.

Оның сөзінше, қазіргі ұсынылып отырған заң жобасында шикілік көп.

“Бұл заң керек. Бірақ дәл қазіргі нұсқасы емес. Аталмыш заң жобасынан «ауылдың ішінде малды шектеу қажет» деген тұсын мүлде алып тастау керек. Қазіргі таңда еліміз бойынша 280 000-300 000 мыңға жуық шаруашылық тіркелген болса, солардың 100 000-на ғана мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі екен. Мұндай қолдауға қолдары жетпей отырған ауылдың қарапайым шаруалары өз арбаларын өздері сүйретуге мәжбүр. Біздің билік өздерінің әрекеттерін қорғау үшін әдемі сөздердің артына тығылғанша, ең бірінші жұмысты өлместің күйін кешіп отырған шаруашылықтарды жарылқаудан бастаса екен деймін”, – дейді сарапшы.

«Алатау Эко Биф» ТОО-ның директоры Ермек Мұратұлы егер шаруаның жайылымдық жері кең болса, мал санын шектемеу керек дейді.

“Менің пікірімше, ауылды жерде де, қалалы жерде де мал шаруашылығы заңмен реттелуі керек. Осы салада жұмыс істеп жүрген кәсіп иесі ретінде белгіленген норманың сақталғаны дұрыс деп есептеймін. Мал шаруашылығымен айналысатын отбасылардың ең әуелі малды жаятын жайылымдық жері болуы тиіс. Мәселен, сиыр басына 3-5 гектар, қой басына 2-3 гектар арасы деген белгіленген нормалардың сақталғаны абзал. Бір үй жүз сиыр бағып отырса, бір үйде екі тоқты ғана болуы мүмкін. Малдың саны жайылымдық жердің көлеміне қарай шектеліп отыруы керек деп есептеймін. Сонда ғана, экологиялық және санитарлық талаптарға толыққанды жауап беруге мүмкіндік туатын шығар. Ал жайылымдық жері кең бола тұрып, мал санын шектеу ешбір қисынға келмейді”, – дейді кәсіпкер.

Бұған қоса ол бүгіннің өзінде де мал санына шектеу қойылып жатқанын алға тартты.

“Бұл тұрғыда мәселенің бәрі жайылымдық жерге келіп тіреледі. Ауылдың өзінде бос жатқан жер жоқтың қасы. Жердің көбісі 49 жылға жалға берілді де, жайылымдық жерлердің көлемі айтарлықтай азайып қалды. Сондықтан қазірдің өзінде, мал санына бұрынғыдай емес, әжептеуір шектеу қойылған”, – дейді Ермек Мұратұлы.

Еске салсақ, бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрлігі үйде ұстайтын мал санына шектеу қоятын заң жобасын дайындап жатқаны айтылған еді. Қазір жоба талқылауға ұсынылған.

Jasyn

Jasyn

Next Post
Ішімдік сатпайтын үлгілі ауыл

Ішімдік сатпайтын үлгілі ауыл

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

«QAZAQSTAN ДАУЫСЫ» мегажобасының жеңімпазы анықталды

«QAZAQSTAN ДАУЫСЫ» мегажобасының жеңімпазы анықталды

3 года ago
Жамбыл облысының тұрғыны Астанаға 30 келіден астам есірткі жібермек болған

Жамбыл облысының тұрғыны Астанаға 30 келіден астам есірткі жібермек болған

1 год ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In