«Қазақстан Республикасы аумағынан жекелеген тауарларды әкетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2022 жылғы 5 шілдедегі № 214 бұйрығымен күнбағыс дәндерін Қазақстан Республикасы аумағынан әкетуге сандық шектеулер (квоталар) енгізіледі. Шектеулер 2022 жылғы 8 шілдеден бастап 30 қыркүйекке дейін қолданыста болады (бұйрыққа сілтеме).
Күнбағыс дәндерін әкетуге сандық шектеулер Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізіледі.
Бұл ретте бұйрық қолданысқа енгізілген күнге дейін ҚР және ЕАЭО кедендік заңнамасына сәйкес экспорттың кедендік рәсімі бойынша орналастырылған және шығарылған тауарлар Қазақстан Республикасының аумағынан кедергісіз әкетуге жатады.