• RU
Суббота, 5 июля, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Без рубрики

Қазақстанда кен орындары қоры таяу болашақта таусылады

by Jasyn
06/03/2024
in Без рубрики
0
Қазақстанда кен орындары қоры таяу болашақта таусылады
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстанда геологиялық барлауға салынатын мемлекеттік инвестиция өте төмен. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев айтты.

«Пайдалы қазбалардың көптеген түрлерінің расталған қоры бойынша еліміз әлемнің жетекші елдерінің алғашқы ондығына кіреді. Бұл ретте пайдалы қазбаларды қарқынды өндіруге байланысты геология саласының алдында тұрған басты сын-қатері — қорлардың толықтыру деңгейінің төмендігі. Өндірудің қазіргі деңгейін алсақ, тиісті толықтырусыз көптеген игерілетін кен орындарының қоры таяу болашақта таусылады. Осыған байланысты, жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуді жандандыру талап етіледі. Бұл – кейіннен жер қойнауын пайдалануға беру үшін перспективалы алаңдар мен объектілерді анықтаудың негізгі әдісі», — деді Экология министрі Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, 2020-2022 жылдары мемлекеттік салымдар көлемі 30 млрд теңгені құраған. Бұл ретте, соңғы жылдары мемлекеттік инвестициялардың ұлғаюы байқалуда.

«Сонымен бірге, Қазақстанда геологиялық барлауға 1 шаршы километрге салынатын мемлекеттік инвестициялар көрсеткіші өте төмен. Бізде ол 11 АҚШ доллары болса, Аустралияда – 167 доллар, Канадада – 203 доллар. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, инвесторлар өз қаражатын мемлекет есебінен болжамды ресурстары бар, перспективалы учаскелер базасы қалыптасқан жұмыстардың ерте сатыларын жүргізген немесе жүргізу үстіндегі елдерде кен орындарын барлауға салады», — деді С. Брекешев.

Осыған байланысты, Президент тапсырмаларын орындау үшін геология саласының бірқатар негізгі міндеттері бар.

«Бірінші – геологиялық зерделенуді арттыру және перспективалы учаскелерді анықтау. Екінші – геология саласының инфрақұрылымы мен геология ғылымын дамыту. Үшінші — өндірістік-технологиялық процестерді цифрландыру және автоматтандыру. Төртінші – геологиялық зерттеудің инвестициялық тартымдылығын арттыру, минералдық-шикізат базасын молайту үшін заңнаманы жетілдіру. Біз геология саласын дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын әзірледік, онда жоғарыда аталған мәселелердің шешімі көрініс тапты», — деді С. Брекешев.

 

Jasyn

Jasyn

Next Post
Әлемдік Nickelodeon телеарнасы қазақ тілінде көрсетіле бастады

Әлемдік Nickelodeon телеарнасы қазақ тілінде көрсетіле бастады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Балаларға төленетін жәрдемақы көтеріле ме: Министр  жауап берді

Балаларға төленетін жәрдемақы көтеріле ме: Министр жауап берді

4 года ago
ҚҚС бойынша есепке қою туралы кәсіпкерлер қалай ақпараттандырылады

ҚҚС бойынша есепке қою туралы кәсіпкерлер қалай ақпараттандырылады

2 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In