Жиында «Lomuang» ЖШС директоры Лобар Абдугапарова аяқ киім өндірісі проблемасын көтерді. Оның айтуынша, өткен жылы республикада 41 млн жұп аяқ киім сатылған. Соның ішінде небәрі 1,7 млн жұбы қазақстандық өндірушілермен жасалған. Басқа салалық проблемалармен қатар (импорттық өнімнің көптігі, шикізаттың жетіспеушілігі, сату проблемалары) инженерлер, аяқ киім технологтары, орта буын қызметкерлері бағыттарындағы мамандардың жеткіліксіздігі өзекті болып отыр.
«Аяқ киім тігу технологиясын білетін мамандарсыз өндіріс мүмкін емес. Қазіргі жағдайда отандық фабрикалар мамандарды өзі оқытады. Барлық өндірісте бос жұмыс орындары бар, ал жұмыс қолы жетіспейді», – деп шағымданады Лобар Абдугапарова.
Кәсіпкер отандық аяқ киім индустриясы жойылу алдында тұр деп санайды. Бүгінгі таңда жоғары білікті технологтар санаулы. Бар кадрлардың білімі мен тәжірибесін үйренем деушілер жоқтың қасы. Өкінішке қарай, бүгінде осы сала мамандарын мақсатты даярлау қарастырылмаған. Айта кетейік, SAMHAT аяқ киім фабрикасы өз қызметкерлеріне біліктілікті арттыру курстарын өткізуге тренер ретінде Лобар Абдугапарованы бірнеше рет шақырған.
Кадр тапшылығы мәселесін шешу үшін өңдеуші өнеркәсіптің салалық кеңесінің мүшесі өңір колледждерінде пилоттық курс өткізуді ұсынды.
«Аяқ киім өндіру – күрделі сала. Түрлі материалдар – былғары, жастықшалар, табан, қораптар, аксессуарлармен жұмыс істеу керек. Саланың дамуы қосымша мультипликативті әсерге ие болады. Егер аяқ киім өнеркәсібінің проблемалары шешілсе, онда өндіріс өседі, жұмыс істеп тұрғандар кәсіпорындар қуаттылықты арттыра бастайды», – деп атап өтті кәсіпкер.
Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Валерий Гамазов аяқ киім өнімдерін тігу бойынша колледждерде жаңа мамандықтарды енгізу туралы ұсынысты қолдады. Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасы облыстық білім басқармасымен бірлесіп, Ақмола аяқ киім фабрикаларының орта буын мамандарына қажеттілігін анықтау бойынша егжей-тегжей жұмыс жүргізуге, облыстың оқу орындарында кәсіптік бағдарлау іс-шараларын ұйымдастыруға ниетті.
«Жеңіл өнеркәсіп саласындағы мамандардың нақты қажеттілігі бойынша барлық мәліметтер білім басқармасында жинақталатын болады, бұдан әрі уәкілетті орган сұралатын мамандықтарға мемлекеттік тапсырысты бөлу мәселесін қарайды», — деп толықтырды Өңірлік палатаның адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы Динара Булгаева.
«Жеңіл өнеркәсіп саласындағы мамандардың нақты қажеттілігі бойынша барлық мәлімет білім басқармасында жинақталатын болады. Кейін уәкілетті орган сұратылған мамандықтарға мемлекеттік тапсырысты бөлу мәселесін қарайды. Айта кетейік, 2020 жылы жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары салалық қауымдастыққа бірікті. Қауымдастықтың негізгі міндеттері – өңірдегі жеңіл өнеркәсіпті жандандыру, жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының, әсіресе микробизнес өкілдерінің мүддесін қорғау және саланың түйткілді мәселелерін шешуде күш біріктіру. Мәселен, өткен жылы өңірдің жеңіл өнеркәсібінде былғары аяқ киім өндірісі 1,6 есеге, жүннен жасалған аяқ киім өндірісі 5,4%-ға ұлғайды», – деді Өңірлік палатаның адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы Динара Булгаева.