«Алдағы үш тәулікте еліміздің басым бөлігінде солтүстік циклон ойпатының өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Кей өңірлерде найзағай ойнап, дауыл соғады, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. 23-24 маусымда оңтүстік-шығыста, 25 маусымда республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады. 23 маусымда күндіз Атыраудың оңтүстігінде, 23-24 маусымда Ақтөбенің оңтүстігінде, 24 маусымда Қостанай облыстарының оңтүстігінде, 23-25 маусымда Қарағанды облысының оңтүстігінде өте қатты ыстық күтіледі — 40 градус, 24-25 маусымда Қызылорданың оңтүстігінде, 25 маусымда Түркістан облыстарының шөлді аймақтарында өте ыстық — 45 градус, 25 маусымда Жамбыл облысының оңтүстігінде өте қатты ыстық — 43 градус болады деп күтілуде.», — деп хабарлайды «Қазгидромет».