• RU
Понедельник, 12 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Әлеумет

Қазақстан жемқорлық жағынан 102-орында тұр

Transparency International ұйымының Жемқорлықты қабылдау индексі бойынша Қазақстан 180 елдің ішінде 102-орында тұр. Ал Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде еліміз 50-орыннан төменгі деңгейде қалып отыр.

by Jasyn
13/02/2025
in Әлеумет
0
Қазақстан жемқорлық жағынан 102-орында тұр
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

OECD (Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы) және ЕҚДБ (Еуропалық қайта құру және даму банкі) зерттеулері құқықтық реттеудің болжамдылығының төмендігін, бизнеске әкімшілік қысымның сақталуын және бейресми кедергілердің бар екенін атап өтуде.

Премьер-министр О. Бектеновке депутаттық сауал жолдаған Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай экономиканы дамытудың тиімді көздерінің бірі – инвестиция екенін, алайда елімізде бұл бағыттағы істер көңіл көншітпей отырғанын айтты.

2024 жылдың 9 айында елімізге тартылған тікелей шетелдік инвестиция көлемі 12,7 млрд АҚШ долларын құрап, 2023 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 36%-ға төмендеп кеткен. Әсіресе, ол Ақтөбе, Алматы, Павлодар облыстары мен Алматы қаласында айқын байқалады.

Бұл үрдіс – ел экономикасы үшін алаңдатарлық көрсеткіш. Себебі жеке капитал ағынының төмендеуін мемлекеттік бюджет қаражатымен алмастыру қажеттігі туындап отыр. Сонымен бірге бюджет тапшылығын қосымша құн салығын көтеру арқылы толтыру ұсынылуда. Ал бұл дегеніңіз өз кезегінде қаржылық тұрақтылыққа кері әсерін тигізетіні анық.

А. Әлтай Ұлттық банк пен Ұлттық статистика бюросының мәліметтеріне сүйене отырып, инвестиция тартудың нақты индикаторларын, басымдықтарымен қолдау тетіктерін қамтитын Жол картасын әзірлеуді және әкімшілік кедергілерді қысқарту және инвесторлармен жұмыстың ашықтығын арттыруды ұсынады.

Фото: Dalanews

                               

 

Tags: жемқорлықЖол картасыинвестиция тарту
Jasyn

Jasyn

Next Post
Онлайн алаяқтық – көбінесе банк қызметкерлерінің қатысуымен болады

Онлайн алаяқтық – көбінесе банк қызметкерлерінің қатысуымен болады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Участковый инспектор полиции спас из пожара 6-летнего ребенка в Таразе

Участковый инспектор полиции спас из пожара 6-летнего ребенка в Таразе

1 год ago
Жастарға жұмыс тауып беретін жәрмеңке

Жастарға жұмыс тауып беретін жәрмеңке

10 месяцев ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In