• RU
Понедельник, 18 августа, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Мәдениет

«QAZAQSTAN ДАУЫСЫ» мегажобасының жеңімпазы анықталды

by Jasyn
06/03/2024
in Мәдениет
0
«QAZAQSTAN ДАУЫСЫ» мегажобасының жеңімпазы анықталды
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Төрт ай бойы отандық телеарналардағы сенбілік бағдарламалар арасында топ жарып, рейтинг бойынша көш бастаған әйгілі «The Voice» шоуының қазақстандық нұсқасы мәреге жақындады. Кеше 4 тәлімгер мен 4 үміткер арасынан үздігі анықталды, деп хабарлайды аталған телеарнаның баспасөз қызметі.

Сәкен Майғазиевтің шәкірті Құралай Мейрамбек «Qazaqstan дауысы» музыкалық жобасының жеңімпазы атанып, 5 миллион теңге иеленді.

Сонымен бірге «Қазақстан» телерадиокорпорациясы әрі қарай Құралайдың өнеріне қолдау білдіреді. SMS-дауыс беру нәтижесі бойынша:

1-орын – Құралай Мейрамбек

2-орын – Ерік Төленов

3-орын – Ернар Амандық

4-орын – Аружан Айдарбек иеленді.

Биыл жобаға қатысуға www.qazaqstan.tv ресми сайты мен аймақтағы іріктеулер арқылы 6000-нан астам адам өтінім беріп, бұрын-соңды болмаған рекорд орнатты. Олардың арасынан алғашқы кезеңге 200-ге жуық қатысушы шақырту алды. Еліміздің түкпір-түкпіріндегі таланттардың басын қосқан жобаға Украина, Қырғызстан, Грузия, Қытай елдерінен үміткерлер қатысты. Бұған дейін олар «Көрмей таңдау», «Жекпе-жек», «Жарға жығу», тікелей эфирдегі сайыстар мен «Жартылай финал» кезеңдерінде бақ сынаған болатын. Тәлімгер Майра Мұхамедқызының тобынан финалға Ернар Амандық, Сәкен Майғазиевтің тобынан Құралай Мейрамбек, Маржан Арапбаеваның тобынан Аружан Айдарбек, ALEM-нің тобынан Ерік Төленов жолдама алды.

Қатысушылар тек вокалдық қабілеттеріне қарай таңдалатын «The Voice» жобасы әлемнің 140-тан астам елінде көрсетіледі. Әйгілі телешоудың қазақстандық нұсқасы апта сайын әлемдік «Best of the Voice» рейтингісіне еніп, жоғары көрсеткішке ие болды. Ал қатысушылардың жобада орындаған әндері YouTubе-тағы ресми арнада 37 миллионнан астам қаралым жинады.

https://www.youtube.com/c/thevoiceofkazakhstan

 

 

Jasyn

Jasyn

Next Post
Ресейде «Омикрон» штамын жұқтыру жағдайлары тіркелді

Ресейде «Омикрон» штамын жұқтыру жағдайлары тіркелді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Депутаттар көлікті техникалық байқаудан өткізу міндетін алып тастауды ұсынды

Депутаттар көлікті техникалық байқаудан өткізу міндетін алып тастауды ұсынды

4 года ago
Мемлекет жастардың еңбекқор болуы үшін бар жағдайды жасап отыр

Мемлекет жастардың еңбекқор болуы үшін бар жағдайды жасап отыр

12 месяцев ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In