Тұрақты даму мақсаттары кедейлікті жоюға, теңсіздік пен әділетсіздікке қарсы күреске, сондай-ақ планетаны қорғауға және бүкіл халық үшін бейбітшілік пен өркендеуді қамтамасыз етуге бағытталған.
Қазақстан ТДМ-ды ұлттық деңгейде имплементациялау жөніндегі жұмысқа кірісті. Елде ТДМ жаһандық индикаторлары ұлттандырылды және бүгінгі таңда мониторинг жүйесі 280 индикаторды — 205 жаһандық және 75 ұлттық индикаторды қамтиды.
Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу жөніндегі елдердің жаһандық рейтингінде Қазақстан 2021 жылы 6 жолға көтеріліп, 59-орынды иеленді (бір жыл бұрын — 65-орын). Қазақстан рейтингте Бразилия, Малайзия, Түркия, Сингапур және Өзбекстан сияқты елдерді басып озды.