• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Саясат

Қазақстан азаматтары Ауғанстаннан қалай шығарылды – Ерлан Қарин

by Jasyn
06/03/2024
in Саясат
0
Қазақстан азаматтары Ауғанстаннан қалай шығарылды – Ерлан Қарин
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Саясаттанушы, ҚР Президентінің кеңесшісі Ерлан Қарин Ауғанстаннан ҚР азаматтарын эвакуациялау операциясының қалай жүргізілгенін баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстанның Қарулы Күштері Кабулдағы толық хаос жағдайында қысқа уақытта күрделі операция жүргізе алды. Алдымен өздерінде алаңдаушылық пен проблема толып жатқан америкалықтармен келіссөз жүргізу керек болды, содан кейін азаматтарымызды Кабулға жинап, әуежайға қауіпсіз түрде апарып, содан кейін блокбекеттер арқылы әуежай аумағына кіру үшін сондағылардың бәрімен келіссөздер жүргізілді», — деп жазды Е. Қарин өзінің Telegram-парақшасында.

Саясаттанушының айтуынша, 15 тамыз күні жексенбіде Президент ҚР азаматтары бен дипломаттарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тапсырма берді, ал 18 тамызда олар Қазақстанға жеткізілді.

«Операция 3 күн ішінде жоспарланды, ұйымдастырылды және өткізілді. Біздің әскерилер мен дипломаттарымыз пандемия кезінде, 2020 жылдың көктемінде азаматтарымызды түрлі елдерден шұғыл әкетуге мәжбүр болғанда және «Жусан» операциясы кезінде осындай гуманитарлық операцияларды жүргізіп, жақсы тәжірибе жинақтады. Сондай-ақ біздің әскерилер өз азаматтарымызбен бірге қырғыз дипломаттарын да эвакуациялады», — деді Ерлан Қарин.

Айта кетейік, 18 тамыз күні Қазақстан Ауғанстаннан 42 адамды эвакуациялады және Алматы қаласына жеткізді. Ұшақта 25 Қазақстан азаматы, оның ішінде 15 ересек адам және 10 бала, сондай-ақ ҚР Елшілігінің қызметкерлері болған.

Одан басқа, осы бортпен Қырғызстан тарапының өтінішімен 14 азамат эвакуацияланды және ҚР Елшілігіне көмек сұрап жүгінген 1 Ресей азаматы мен 1 Литва азаматы АИР-дан шығарылды.

 

Jasyn

Jasyn

Next Post
«Qazaqstan» ұлттық телеарнасы күзгі маусымның жобаларын ұсына бастады

«Qazaqstan» ұлттық телеарнасы күзгі маусымның жобаларын ұсына бастады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Қостанай облысына 2 тоннадан аса гуманитарлық көмек жеткізілді

Қостанай облысына 2 тоннадан аса гуманитарлық көмек жеткізілді

12 месяцев ago
Қанат Таймерденов Алматы полиция департаментінің басшысы қызметінен кетті

Қанат Таймерденов Алматы полиция департаментінің басшысы қызметінен кетті

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In