• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Қазақфильм кинопрокатқа қандай фильмдер ұсынатыны белгілі болды

by Jasyn
06/03/2024
in Мәдениет
0
Қазақфильм кинопрокатқа қандай фильмдер ұсынатыны белгілі болды
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақфильм киностудиясы Голливуд фильмдерінің орнына сәуір айынан бастап кинотеатрлар прокатына қандай фильмдер ұсынатыны белгілі болды.

Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ 14 сәуірден бастап Дарежан Өмірбаевтің «Ақын» атты жаңа фильмін шектеулі прокатқа шығарады. Бұған дейін аталмыш картина Токиода өткен беделді халықаралық кинофестивальде «Үздік режиссер» номинациясы бойынша жүлдегер атанған болатын.

Қазіргі уақытта киностудияда «Біздің сүйікті дәрігер 2» фильмі түсіріліп жатыр. Айта кетейік, бұл туындының атауы «Бізге дәрігер керек» болып өзгертілді. Жақын уақытта қазақстандық көрермендер үшін Ақан Сатаевтың «Ұлы дала таңы» блокбастерінің премьерасы өтеді. Жоба бұрын «Қасым хан» деген атпен танымал болған.

«Бұл біздің еліміздің тарихындағы басты тұлғалардың бірі – Қасым хан туралы ауқымды хикая. Аты аңызға айналған билеуші XV-XVI ғасырлар аралығында қазақ халқының бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен символдың біріне айналды. Дәл осы уақыт аралығы көбіне Қасым ханның арқасында біздің мемлекеттілігіміз бен ұлы қазақ даласының гүлдену кезеңі саналады. Көптен күткен жоба 12 мамырда жарыққа шығады», — деді «Қазақфильм» АҚ өкілі Кәрім Қадырбаев.

Сонымен қатар киностудияда алдағы уақытта болатын ұлттық кино орталығының питчингіне дайындық жүріп жатыр. Осы жобаға қатысу үшін Қазақфильм креативті идеясы бар жас, талантты авторларды бірлесе еңбек етуге шақырады. «Қазақфильм» еліміздің жалғыз мемлекеттік киностудиясы ретінде кинематографистер мен көрермендердің кейінгі буыны алдындағы жауапкершілігін сезіне отырып, бірлескен жобаларды жүзеге асыруда жас режиссерлер мен сценаристерге толық көмек көрсетуге дайын», — деді спикер.

Еске салайық, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде ведомство басшысы Дәурен Абаевтың төрағалығымен кинопрокат нарығында танылған отандық компаниялар басшыларымен кеңес өтті. Кездесу киноиндустрияны дамыту мәселелеріне арналды.

 

Jasyn

Jasyn

Next Post
Қаңтарда Алматы әуежайын басып алуға полиция бастығы жол берген

Қаңтарда Алматы әуежайын басып алуға полиция бастығы жол берген

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

1 341 тонна гүл немесе 24,6 млн. дана гүл әкелінген

1 341 тонна гүл немесе 24,6 млн. дана гүл әкелінген

1 год ago
Талдықорған мектебіндегі ашық әжетханалар елдің қызу талқысына түсті

Талдықорған мектебіндегі ашық әжетханалар елдің қызу талқысына түсті

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In