• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Экономика

Қазан айында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының өсімі баяулады

by Jasyn
06/03/2024
in Экономика
0
Қазан айында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының өсімі баяулады
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Үкіметтің цифрлық кеңсесінде орталық мемлекеттік органдар басшыларының және өңірлер әкімдерінің қатысуымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағасын реттеу мәселесі бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, Ұлттық Банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин және т. б. қазіргі жағдай мен атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуі 0,1% құрады. Бұған жұмыртқа бағасының 0,7%-ға және қырыққабат бағасының 0,8%-ға қымбаттауы әсер етті. Сонымен қатар пияз (-0,9%), қарақұмық жармасы (-0,6%), сиыр еті мен рожки (0,1%) бағасының төмендеуі байқалады. Сүзбе, сәбіз, күнбағыс майы, күріш және қант бағасы өзгерген жоқ. Жалпы, биыл қазан айында ӘМАТ бағасының динамикасы 2016-2020 жылдардағы осындай кезеңдегі орташа мәндермен (1%) салыстырғанда неғұрлым баяу қарқынын (0,7%) көрсетті. Өңірлерде «айналым схемасын» қаржыландыру 46,1 млрд теңгеге жетті. Нысаналы деңгей 92,2%-ға қамтамасыз етілді. 373 мың тонна әлеуметтік маңызы бар тауар сатып алынды, бұл өткен аптадағы көрсеткішпен салыстырғанда 22%-ға артық. Үш айлық кезеңде ӘМАТ-пен қамтамасыз етілу ел бойынша 115,7% (аптасына +23 п.т.) құрайды.

Бір апта ішінде қорлардың айтарлықтай өсуі Павлодар, Маңғыстау, Түркістан облыстарында тіркелді. Форвардтық сатып алу шеңберінде 2021 жылы 769,3 мың тонна өнімге, оның ішінде 684 мың тонна жұмсақ бидайға келісімшарт жасалды.

Қазіргі уақытта «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ-ға 442,8 мың тонна немесе келісімшарт жасалған көлемнің 57,5%-ы жеткізілді. 427,6 мың тонна бидай немесе сатып алынатын көлемнен 62,5%-ы жеткізілді. Өткен аптада Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Түркістан облысында тауық жұмыртқасын өткізушіге қатысты тергеу жүргізді. ӘМАТ-қа сауда үстемесін төмендету туралы өңірлік сауда желілерімен және күнбағыс майын ірі көтерме жеткізушімен монополияға қарсы комплаенстің 10 актісі жасалды.

Жалпы, республика бойынша монополияға қарсы комплаенстің 135 актісі жасалды. Бағаның өсуі байқалған аймақтарда тауар нарықтарын сараптау аяқталып, тауық еті мен тауық жұмыртқасын өндірушілерге қатысты тергеу басталады.

 

Jasyn

Jasyn

Next Post
Нұр-Сұлтанда неге такси қымбаттап кетті

Нұр-Сұлтанда неге такси қымбаттап кетті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Бизнеске криминалдық қамқорлық жасаумен айналысқан

Бизнеске криминалдық қамқорлық жасаумен айналысқан

4 месяца ago
Жамбыл облысында ер адам марихуана жинау кезінде ұсталды

Жамбыл облысында ер адам марихуана жинау кезінде ұсталды

1 год ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In