• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Жасыл белдеу

Қаскерлердің Қызыл кітапқа енген жануарларды аулауы тыйылмауда

by Jasyn
06/03/2024
in Жасыл белдеу
0
Қаскерлердің Қызыл кітапқа енген жануарларды аулауы тыйылмауда
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгінде мамандандырылған «Сапсан» жедел қызметінің жұмысы ескеруге тұрарлық. Аталмыш мекеме жоспарлы және жоспардан тыс табиғи қорықтарда рейдтік іс-шаралар өткізуде. 

Өткен жылдың қорытындысымен мекеме 95 рейд жүргізіп, нәтижесінде 107 әкімшілік хаттамасын толтырған. Ал жыл басына бері 63 рейдттік іс-шаралар ұйымдастырылып, табиғат қорғау заңдарының талаптарын бұзғандарға 112 хаттама толтырылып, жыл басына бері 63 рейдттік іс-шаралар ұйымдастырылып, табиғат қорғау заңдарының талаптарын бұзғандарға 112 хаттама толтырылып, 1 348 250 тенге айыппұл салынып, оның бүгінде 945 620 теңгесі өндірілген. 

Мекеме директоры Әліби Сағындықовтың айтуынша, бұл рейдтік іс-шара кезінде қаруды заңсыз алып жүру фактілері де орын алған. 

— Жүргізілген рейдтер барысында Заң бұзушылардан тәркіленіп алынған 54 аңшы мылтықтың 49-ы заңсыз. Қарулардың барлығы аудандық полиция бөлімшелеріне өткізілді. 54 азаматқа аң аулау қағидасын бұзғаны үшін хаттама толтырылды. Оларға 645 мың теңге айыппұл салынды. Қызыл кітапқа енген Бұлдырық құсы мен Қарақұйрық аңын атқандарды ұстағанын ерекше атап өткен жөн. Құсты атқаны үшін 709 мың теңге айыппұл арқаласа, Қарақұйрықпен ұсталған азаматқа қылмыстық іс қозғалып, сот шешімімен 3,3 млн теңге айыппұл салынып, өндірілген. Бұдан бөлек, Мойынқұм ауданы «Қоңырбай» қыстауының маңында 1 азаматтың заңсыз жабайы доңыз атқаны анықталып, оған 694 мың теңге айыппұл салынды. 

Былтыр Қызыл кітапқа енген жануарларды аулау оқиғалары Сарысу, Тұрар Рысқұлов, Мойынқұм, Байзақ аудандарында тіркелген еді. Бірақ, мекеме басшысының айтуынша, биыл Шу ауданында – 2, Талас ауданында– 1 жабайы қоян атқаны үшін 3 азаматқа хаттама толтырылды; Меркі ауданында — 1 азамат заңсыз құралдармен балық аулағаны үшін акт толтырылды; Мойынқұм ауданында, «Андасай» ерекше қорғалатын табиғи аймақтан 3 жабайы үйрек атқаны үшін — 1 азаматқа хаттама толтырылды. 

Билікөл, Бөгеткөл және Ақкөл өз ара байланыстыратын (прорама) өзендерінде және оның құймаларында 1 наурыздан 1 шілдені қоса алғандағы тыйым салынған мерзімде қармақпен заңсыз балық аулағаны үшін 37 азаматқа хаттама толтырылып, айыппұлдар салынды. Орман қоры жерінен, орман билетiмен ғана жол берілген учаскелерде заңсыз саңырауқұлақ жинау 13 факті тіркеліп, ескерту жұмыстары жүргізілген. 

Tags: БайзақҚаскерлерҚызыл кітапМойынқұмСарысуТұрар Рысқұлов
Jasyn

Jasyn

Next Post
Жамбыл облысында 10 су қоймасы жөнделіп, 8-і жаңадан салынбақ

Жамбыл облысында 10 су қоймасы жөнделіп, 8-і жаңадан салынбақ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Қазақстанда қанша қолма-қол ақша бар және оны қаншалықты жиі пайдаланады?

Қазақстанда қанша қолма-қол ақша бар және оны қаншалықты жиі пайдаланады?

1 год ago
Жас қыздардың екіқабат болып қалуы 1,5 есеге көбейген

Жас қыздардың екіқабат болып қалуы 1,5 есеге көбейген

4 месяца ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In