• RU
Четверг, 10 июля, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы

Қаржыны қажетке жарату да үлкен шаруа

Мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі – бюджеттен бөлінген қаржыны шашау шығармай игеріп, ел игілігіне жарату. Қаржыны қажетке жаратып, жобаларды жүзеге асыру да үлкен шаруа.

by Jasyn
09/07/2025
in • Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы
0
Қаржыны қажетке жарату да үлкен шаруа
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы Сарыағаш аудандық бюджет есебінен биыл 49 көшеге (25,7 шақырым) орташа жөндеу жұмыстары Сарыағаш қаласы, Ақжар, Жартытөбе, Көктерек, Құркелес, Қабланбек, Дарбаза, Жемісті, Жылға, Жібек жолы елді мекендерінде жүргізіледі. 2024 жылдың қорытындысымен қанағатты жағдайдағы жолдардың үлесі 69 пайыз болса, 2025 жылы көрсеткішті 73 пайызға жеткізу жоспарланған.

Сондай-ақ, биыл бұл ауданда бес айда инвестиция көлемі 13 млрд теңгеден асқан.

2025 жылдың 5 айында өңірдегі өнеркәсіп өнімінің көлемі 13 млрд 77,1 млн теңгеге жетсе, инвестиция көлемі 13 млрд 20,8 млн теңгені құрады. Сондай-ақ, биыл ауданда өнеркәсіп саласында жалпы құны 5 млрд теңгеге 5 жоба жүзеге асады. Нәтижесінде 145 адам жұмыспен қамтылады. Бұл туралы брифингте Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев мәлімдеді.

«Ауыл шаруашылығы саласында 2025 жылдың 5 айында 35 млрд 214,6 млн теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылғы осы уақытпен салыстырғанда 5,9 пайызға өскен. Оның ішінде мал шаруашылығының өнім көлемі — 11 млрд 648,8 млн теңге, ал егін шаруашылығы — 23 млрд 565,8 млн теңге. Биылғы жылы аудан бойынша 75,7 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Жалпы 797,2 гектар жерде жылыжайлар орналасқан. Бұдан бөлек, биыл қаңтар-мамыр айларында ауданда 25 277 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, белгіленген жоспар 108,6 пайызға орындалды», — деді аудан басшысы.

Инфрақұрылыммен қамту бойынша биыл 4 елді мекенді (Шеңгелді, Тасқұдық, Ақ үй, Сарысу) ауыз сумен қамту құрылысына республикалық бюджеттен қаржы қаралған. Қазіргі таңда 7 елді мекенді (Жылға, Көктерек, Шайхана, Қарақалпақ, Құрысай , Тасқұдық, Сарысу) табиғи газбен қамту мақсатында құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 2025 жылы Дербісек және Дарбаза ауылдық округтерінің ішкі көшелеріне «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Ал, Келес ауданында бюджет есебінен елді мекендердің 90 пайызға жуығы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған.

Келес ауданы бойынша халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып келеді. Бүгінгі таңда Жүзімдік ауылдық округіне қарасты Ақсу және Оңтүстік елді мекендерінде ауыз су жүйесінің құрылысы жүргізілуде.

Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес, Ақсу және Оңтүстік елді мекендеріндегі ауыз су құрылыстарының барысына Келес ауданы әкімінің орынбасары Мақсат Тұрдиев жергілікті жауапты мамандармен бірге тексеру жүргізді. Құрылыс жұмыстары арнайы мемлекеттік қор есебінен қаржыландырылып, аудандық прокуратураның тұрақты бақылауында.

Жоспарға сәйкес, Оңтүстік елді мекеніндегі ауыз су жүйесінің құрылысын биылғы жылдың III тоқсанында аяқтау көзделсе, Ақсу елді мекені тұрғындарына таза ауыз су жеткізу жүйесі жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.

Айта кетейік, бүгінгі таңда аудан бойынша барлығы 83 елді мекеннің 64-і немесе 88,4 пайызы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Қалған 15 елді мекенде атап айтқанда Ақжол, Қауыншы Оңтүстік, Ғ.Мұратбаев, Қаратөбе, Қосөткел, Жуантөбе, Жаңадәуір, Кеңдала, Ескіқорған, Құйған, Қияжол, Көгерту, Ақжар, Ақсу елді мекендерінде құрылыс жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде.

Ал, Созақ ауданының ауылдары мен елді мекендерінде ішкі жолдарды жөндеу жұмыстары жалғасуда.

Аудан аумағындағы ауылдар мен елді мекендердің ішкі жолдарын жаңарту жұмыстары жоспарға сәйкес кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Қазіргі таңда Сызған ауылдық округіне қарасты Қайнар елді мекенінде «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында жалпы ұзындығы 8 шақырымға жуық Қайнарбұлақ, Әділбеков және Әметшеев көшелеріне асфальт жабындысы төселуде.

Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Қайнар елді мекеніне арнайы барып, жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасымен танысып, жұмыс барысын бақылауына алды. Сонымен қатар, аудан орталығының да ішкі көшелерінде жүріп жатқан асфальт төсеу жұмыстарын назарға алды.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Құмкент ауылы мен Қызылкөл елді мекенінде жалпы ұзындығы 11,21 шақырым болатын көшелерге жаңа асфальт төселіп, тұрғындар игілігіне берілді. Сондай-ақ, Ақсүмбе, Сарыжаз, Шаға және Раң елді мекендеріндегі 6,51 шақырымды құрайтын ішкі көшелері де толық жөндеуден өтті.

Қазіргі уақытта бюджет қаражаты есебінен ауданның басқа да ауылдары мен елді мекендерінде ішкі жолдарды жөндеу жұмыстары жалғасуда.

Фото: Zakon.kz

 

 

 

 

 

Tags: бюджетті игеруинвестицияинфрақұрылымТүркістан облысы Сарыағаш аудандық бюджет
Jasyn

Jasyn

Next Post
Түркістан облысы экономикалық өсім бойынша республикада  1 орында

Түркістан облысы экономикалық өсім бойынша республикада 1 орында

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Бас прокуратура су тасқынына байланысты тергеуді бастады

Бас прокуратура су тасқынына байланысты тергеуді бастады

1 год ago
БҰҰ: Пандемия кезінде әйелдер зорлық-зомбылыққа жиі ұшыраған

БҰҰ: Пандемия кезінде әйелдер зорлық-зомбылыққа жиі ұшыраған

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In