• RU
Пятница, 11 июля, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Бюджеті қаражатын ұтымды және есепті пайдалану өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы қаржылық сауаттылық

Қаржылық сауаттылықтың маңыздылығын атап өтті

Түркістан облысы Шардара ауданында «Қаржылық қауіпсіздік күні» аясында форум өтті.

by Jasyn
10/07/2025
in • Бюджеті қаражатын ұтымды және есепті пайдалану өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы қаржылық сауаттылық
0
Қаржылық сауаттылықтың маңыздылығын атап өтті
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Нақтырақ айтсақ, 2025–2030 жылдарға арналған «Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету» тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары аясында ұйымдастырылған апталық іс-шаралар шеңберінде «Қаржылық қауіпсіздік күніне» арналған форум өтті.

Форум жұмысына Шардара ауданы әкімінің орынбасары Еркебулан Абдуғафурұлы Каратунов, аудан прокурорының орынбасары Сабит Қуатұлы Нұрахым, аудандық полиция бөлімінің бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Құрышбекұлы Жалменов және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тоқсанбай Бердібеков қатысты.

Сонымен қатар форумға қала және ауылдық округ әкімдіктерінің өкілдері, дербес бөлім мамандары, зиялы қауым өкілдері, қоғамдық бірлестіктер мүшелері, белсенді жастар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Форум аясында Шардара ауданы прокурорының орынбасары С. Нұрахым баяндама жасап, мемлекеттік органдар жұмысының ашықтығы мен қаржылық сауаттылықты арттырудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен бірге №16 колледж директорының орынбасары Г. Дүйсебаева, ардагерлер кеңесінің төрағасы Т. Бердібеков және аудандық ішкі саясат бөлімінің теолог маманы А. Данияров қаржылық алаяқтық тақырыбында мазмұнды баяндамалар жасады.

Мұндай форумдар халық арасында қаржылық алаяқтыққа қарсы иммунитет қалыптастыруға, азаматтардың құқықтық қорғанысын күшейтуге және туындаған мәселелерді бірлесе шешуге мүмкіндік береді. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

Сондай-ақ, Шардарада «Қоғамға қызмет ету күні» аясында мобильді топ халықпен кездесті. Яғни, 2025–2030 жылдарға арналған «Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету» тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары аясында өткізілетін апталық іс-шаралар шеңберінде «Қоғамға қызмет ету күні» өткізілді. Осыған орай арнайы құрылған мобильді топ Шардара ауданы тұрғындарымен кездесті.

Іс-шараның басты мақсаты – азаматтардың құқықтық, қаржылық сауаттылығын арттыру, қаржылық және интернет алаяқтықтың алдын алу, сондай-ақ халық пен мемлекеттік органдар арасындағы кері байланысты нығайту.

Мобильді топ құрамында Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің өкілі Тасболатов Али, Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкері Бидайбек Дулат Қайратұлы болды. Сонымен қатар, шараға Шардара ауданы әкімінің орынбасары Туребеков Бейсенбай Тасболатұлы, аудан прокуратурасының аға прокуроры Дартаев Санжар Ильясұлы, прокурор Қайнаров Руслан Нүркенұлы, аудандық полиция бөлімі басшысының бірінші орынбасары Сатыбалдиев Қасымхан Өмешұлы және аудандық жеке сот орындаушысы Бакиров Нурлан Курбанбаевич қатысты.

Мобильді топтың міндеті – сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық мәдениетті қалыптастыру, тұрғындарға тегін құқықтық кеңес беру, қоғамдық қабылдаулар өткізу және азаматтарды толғандыратын мәселелерді талқылау.

Іс-шараға сондай-ақ аудандық құқық қорғау органдарының қызметкерлері, қала әкімдігі өкілдері, әлеуметтік сала мамандары мен заңгерлер қатысты.

Күн тәртібіне сәйкес Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкері Бидайбек Дулат Қайратұлы баяндама жасап, мемлекеттік органдардың ашықтығы мен құқықтық ақпаратқа қолжетімділіктің маңыздылығын атап өтті. Ол халықтың құқықтық, қаржылық сауаттылығын арттыру арқылы сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге болатынын нақты мысалдармен түсіндірді.

Кездесу барысында тұрғындар тарапынан түрлі алаяқтық әрекеттеріне қатысты сұрақтар қойылып, нақты құқықтық түсіндірмелер берілді. Интернет алаяқтық мәселесі бойынша бірнеше азамат құқықтық кеңеске жүгініп, барлығына тиісті жауаптар ұсынылды.

Мұндай мобильді қабылдаулар тұрғындармен тығыз байланыс орнатып, олардың көкейіндегі мәселелерді уақтылы шешуге мүмкіндік беретін тиімді құрал болып табылады. Бұл бастама алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Фото: Muzbalaq.kz

 

Tags: «Қаржылық қауіпсіздік күні» форумқаржылық алаяқтыққа қарсы иммунитет қалыптастыруқаржылық сауаттылықты арттыруТүркістан облысы Шардара ауданы
Jasyn

Jasyn

Next Post
Аудандық бюджеттің орындалуы туралы есеп берді

Аудандық бюджеттің орындалуы туралы есеп берді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Қазақстанның ЖОО-да вирусолог мамандар даярланады

Қазақстанның ЖОО-да вирусолог мамандар даярланады

4 года ago
Елбасы туралы әлі талай фильм түсіріледі – Ақтоты Райымқұлова

Елбасы туралы әлі талай фильм түсіріледі – Ақтоты Райымқұлова

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In