• RU
Четверг, 10 июля, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Бюджеті қаражатын ұтымды және есепті пайдалану өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы қаржылық сауаттылық

Қаржылық сауаттылық — қарапайым ұғым

Түркістан облысы Ордабасы аудандық мәслихатының кезекті сессиясында 2024 жылғы аудандық бюджеттің орындалу барысы, ауыл округтерінің бюджеттерінің орындалуы қаралды.

by Jasyn
09/07/2025
in • Бюджеті қаражатын ұтымды және есепті пайдалану өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы қаржылық сауаттылық, • Бюджеті қаражатын ұтымды және есепті пайдалану халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру
0
Қаржылық сауаттылық — қарапайым ұғым
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жиынға аудан әкімі Азат Оралбаев, аудандық мәслихат төрағасы Бақдәулет Құрманбекұлы, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық бөлім басшылары, ауыл округтерінің әкімдері және мәслихат депутаттары қатысты.

Сессия барысында мәслихат депутаттары баяндамашыларға нақты сұрақтар қойып, сындарлы пікірлер мен ұсыныстар айтты. Талқылау нәтижесінде күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды. Яғни, бұл сессия – ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, бюджетті тиімді жоспарлау және жергілікті басқару ісін жетілдіру жолындағы маңызды қадамдардың бірі болды.

Биыл аудандық бюджеттен 6 көшеге орта жөндеу, 3 көпірге ағымдағы жөндеу және 4 ауылдың ішкі көшелеріне тас төсеу жұмыстары жүргізілді. 4 аудандық маңызы бар автомобиль жолдары орташа жөндеуден өткізілуде.

Жалпы алғанда 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында ауданға 9,4 млрд теңге тікелей инвестиция тартылды. Қазіргі таңда өнеркәсіп өнімінің көлемі 20,6 млрд теңгені құрап отыр. Бұл туралы Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді.

«Ауылшаруашылық саласында биыл қаңтар-мамыр айларында 14,3 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Биылғы егіс науқанында 71 600 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» жобасы бойынша 350 гектар жерде 125 жоба жүзеге асырылуда. Су үнемдеу технологиясы бойынша биыл 1 333 гектарға енгізіледі. Оның 1 188 гектарын тамшылатып суғару, 145 гектарын жаңбырлатып суғару жүйелері құрайды. Аудандағы 129,4 гектар жылыжайда 12 мың тонна көкөніс өнімдері өндіріледі. Бұдан бөлек, аудандағы 14 705 шағын кәсіпкерлік нысандарында 21 407 адам жұмыспен қамтылған. 2025 жылы өндірілген өнім құнын 208,6 млрд теңгеге жеткізу жоспарлануда. Аудан аумағында «Ордабасы» және «Бадам» индустриалды аймақтары орналасқан. Қос индустриалды аймақтың жалпы аумағы — 106 гектар. Онда құны 30 млрд теңгеден асатын 10 жоба жүзеге асуда. Аталған аумақтарда 1200-ге жуық адам жұмыспен қамтылған» — деді аудан басшысы.

Сонымен қатар, биыл «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 3 медициналық нысан пайдалануға берілген. Нәтижесінде аудан бойынша денсаулық сақтау нысандары 100 пайызға жаңартылды. Аудан бойынша 54 елді мекен сапалы ауыз сумен қамтылған. Қалған 3 елді мекенде құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін аймақтағы бүкіл елді мекен 100 пайыз ауыз сумен қамтылатын болады. Сондай-ақ, өңірдегі 36-ы ауыл табиғи газ жүйесіне қосылған. Ендігі кезекте қалған 21 елді мекенге газ жеткізу жұмыстары кезең-кезеңімен іске асырылып, 2026 жылдың аяғына дейін аудан тұрғындарын толық көгілдір отынмен қамту жоспарлануда. Сонымен қатар, аудан бойынша 57 елді мекен толық электр қуатымен қамтылған. Биыл «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС тарапынан 7 дана трансформатор ауыстырылатын болады. Аудан бойынша жалпы ұзындығы 230,4 шақырымды құрайтын 201 көшеде жарықтандыру құралдары орнатылған. Бұдан бөлек, биыл «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 8 елді мекендегі 28 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, азаматтарды тұрғын үймен қамту мақсатында өткен жылы 136 пәтер берілген. Биыл Темірлан елді мекенінде 2 қабатты 14 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін барлық құрылыс нысандары аяқталады деп күтілуде. Нәтижесінде кезекте тұрған 216 отбасының баспана мәселесі шешілетін болады.

Тағы бір айтары, Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауында «Заң мен тәртіп» қағидасын кеңінен насихаттай отырып, азаматтардың қаржылық қауіпсіздігін арттырып, қаржылық пирамидалар мен алаяқтық схемаларға қарсы иммунитет қалыптастыруды тапсырған болатын. Тапсырмаға сәйкес ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің бастамасымен еліміздің барлық өңірлерінде «21 ғасырдың қаржылық триггерлері» атты республикалық форум өткізілді.

Осыған орай Ордабасы ауданында қаржылық қауіпсіздік тақырыбындағы форум өтті. Жиналысқа аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әділ Ысқақ, аудандық прокуртураның прокуроры Ердос Әріпбай, ауданның зиялы қауым өкілдері, түрлі этнос жетекшілері, жастар, заңгерлер және ауыл округі тұрғындары қатысты.

Форум аясында қаржы саласындағы қауіптер мен қазіргі заманда жиі кездесетін қаржылық пирамидалар, заңсыз инвестициялық жобалар, дроптар және олардың салдары туралы кең көлемде ақпарат берілді. Баяндамашыларға қатысушылар тарапынан қосымша сұрақтар қойылып, толыққанды жауаптар берілді.

Фото: OpenNews

 

 

Tags: ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуыбюджетті тиімді жоспарлауҚаржылық сауаттылықТүркістан облысы Ордабасы ауданы
Jasyn

Jasyn

Next Post
Бюджет мүмкіндігіне қарай шешімін табады

Бюджет мүмкіндігіне қарай шешімін табады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Қазақстандықтар ашушаң болып кеткен: Мамандар себебін айтты

Қазақстандықтар ашушаң болып кеткен: Мамандар себебін айтты

4 года ago
Водитель, перевозивший наркотики, задержан в Жамбылской области

Водитель, перевозивший наркотики, задержан в Жамбылской области

2 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In