• RU
Среда, 11 июня, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру

Қаржылық сауатсыздық күйзеліс, сенімсіздікке әкелуі мүмкін

Қазіргі нарықтық қоғамда қаржылық және құқықтық сауаттылық әрбір ел тұрғыны үшін өте маңызды. Себебі күнделікті ақшалай операциялардан бөлек, несие, депозит, ипотека сынды ірі келісімдер де бар. Оның әрбірі тиімді шешім қабылдай алу мен мұқияттылықты талап етеді. Әрі жалпы экономиканың өзі азаматтардың қаржылай сауаттылығына байланысты.

by Jasyn
08/06/2025
in • Халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру
0
Қаржылық сауатсыздық күйзеліс, сенімсіздікке әкелуі мүмкін
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Осыған байланысты жақында Түркістан облысы Шардара қаласында «Қаржылық сауаттылықты арттыру және борышкерлерге құқықтық қолдау көрсету» жобасы аясында аудан жастарына арналған ашық форматтағы семинар өтті. Іс-шараны «Бәйтерек» жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Семинар Шардара қалалық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ғимаратында өткізілді.

Кездесуге «Қарызсыз қоғам» жобасының Түркістан облысы бойынша үйлестірушісі Жандос Әзімбай, «Бәйтерек» жастар ұйымының төрағасы Ролан Қонысбеков, педагог-психолог Шара Абдирахманова, сондай-ақ қала мен ауылдардан келген белсенді жастар мен тұрғындар қатысты.

Іс-шара барысында Жандос Әзімбай жастарға қаржылық және құқықтық сауаттылықтың маңыздылығын түсіндіріп, күнделікті өмірде алаяқтық, заңсыз несиелер және шоттардың бұғатталуы сынды қауіптердің алдын алу үшін құқықтық білімнің қажет екенін атап өтті.

– Әр азамат өз құқығы мен міндетін нақты білуі тиіс. Бұл тек заң алдындағы жауапкершілік емес, жеке қауіпсіздіктің негізі, – деді ол.

Ал педагог-психолог Шара Абдирахманова қаржылық қиындықтардың адамның психологиялық жай-күйіне тигізетін әсерін тілге тиек етті.

– Қаржылық тұрақсыздық күйзеліс, жанұялық мәселелер мен сенімсіздікке әкелуі мүмкін. Сол себепті қаржыны ғана емес, эмоцияны басқару да маңызды, – деді ол.

Семинар соңында қатысушылар көкейдегі сұрақтарын қойып, сала мамандарынан тиісті жауаптар алды. Іс-шара жастардың қаржылық сауаттылығын арттыруға, құқықтық қорғаныс деңгейін көтеруге бағытталған тиімді диалог алаңына айналды.

Фото: Шардара Ауданы Әкімдігі

Jasyn

Jasyn

Next Post
Мемлекет қаржысының әр тиынының есебі сұралады

Мемлекет қаржысының әр тиынының есебі сұралады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

СҚО-да денсаулық сақтау басқармасының басшысы пара алды деген күдікке ілінді

СҚО-да денсаулық сақтау басқармасының басшысы пара алды деген күдікке ілінді

4 года ago
«Ұлттық» мәртебесі бар мәдениет мекемелерінің жалақысы артады

«Ұлттық» мәртебесі бар мәдениет мекемелерінің жалақысы артады

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In