Түркістан облысы Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша Осыған орай, бүгін аталған бағыттағы жұмыстарды талқылау мақсатында Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаевтың қатысуымен кеңейтілген семинар өтті. Жиынға ауданның білім беру ұйымдары, дербес бөлім және республикалық мекемелер мен басқа да ұйымдар қатысты.
Сондай-ақ, аАталған іс-шараның маңыздылығы мен тиімділігі жөнінде «Amanat» партиясының аудандық филиал төрағасы Шермат Ибрагимов баяндама жасады. Іс-шараны техникалық тұрғыда түсіндіру үшін сөз аудан әкімінің аппараты басшысы Омархан Ыбрайға берілді.
— Жауапты мекемелерге аталған іс-шараны жоғары деңгейде өткізуге жауапкершілікпен қарау қажет, – деп жиын соңында аудан басшылығы барлық мекемелер мен ұйымдарды 15 қазанға дейін диктантқа белсенді қатысуға шақырды.
Айта кетсек, диктант 2025 жылғы 10–20 қазан аралығында https://amlacademy.kz/finiq онлайн платформасында өтеді. Қатысу үшін сайтқа тіркеліп, 25 минут ішінде 20 сұраққа жауап беру қажет. 16 және одан көп дұрыс жауап берген қатысушылар жеңімпаз ретінде цифрлық дипломға, қалған қатысушылар сертификатқа ие болады. Сонымен қатар, алғашқы тіркелген және жоғары нәтиже көрсеткен 10 қатысушыға бағалы сыйлықтар табысталатыны хабарланды. Диктант әр түрлі санаттағы қатысушыларға арналып дайындалған сұрақтар негізінде онлайн-тестілеу форматында өткізіледі.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша бұл бастама – еліміздің қаржылық қауіпсіздігі мен құқықтық мәдениетін дамытуға бағытталған маңызды қадам. Әрбір азамат қаржылық сауаттылығын арттыра отырып, өзінің ғана емес, қоғамның да қауіпсіздігіне үлес қосады.
Диктанттың негізгі мақсаты – халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру, ақпараттандыру және қаржылық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру. Іс-шара онлайн-тестілеу форматында ұйымдастырылады. Тапсырмалар деңгей бойынша бөлініп, мектеп оқушыларынан бастап зейнеткерлерге дейін әрбір азаматқа өз білімін тексеруге, пайдалы ақпарат алуға және қаржылық алаяқтықтан қорғану дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Қатысуға кез келген адам жасына немесе біліміне қарамастан шақырылады. Онлайн форматтың арқасында тесті смартфоннан, планшеттен немесе компьютерден тапсыруға болады. Қатысушылар тесті шексіз рет орындап, алдын ала оқу материалдарымен таныса алады. Диктант соңында әрбір қатысушыға сертификат табысталады.
Ең жоғары балл жинап, тестті ең қысқа уақытта аяқтағандар іс-шара серіктесі – «Халық Банкі» АҚ-ның арнайы сыйлықтарына ие болады.
Фото: Azattyq-ruhy.kz