• RU
Четверг, 10 июля, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Бюджеті қаражатын ұтымды және есепті пайдалану халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру

«Қарызсыз қоғам» жобасына қатысып, қарызы түгел жабылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің Жолдауларында халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру мәселесіне айрықша назар аударып келеді. Президент тапсырмасымен және «AMANAT» партиясының бастамасымен қолға алынған «Қарызсыз қоғам» ұлттық жобасы бүгінде жалпыұлттық деңгейге көтеріліп, тиімді іске асырылып жатыр.

by Jasyn
09/07/2025
in • Бюджеті қаражатын ұтымды және есепті пайдалану халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру
0
«Қарызсыз қоғам» жобасына қатысып, қарызы түгел жабылды
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Өткен жылдың қорытындысымен Түркістан облысы аталған жоба бойынша республикада ең жоғары көрсеткішке қол жеткізді. Бұл — жергілікті әкімдіктер мен партия филиалдарының үйлесімді жұмысының нәтижесі.

Жобаға енгізілген өзгерістерге сәйкес, 2024 жылдан бастап тек берешек мерзімі 90 күннен асып кеткен азаматтар қатыса алады. Жыл басынан бері өңірде 2000 адамға заңгерлік көмек көрсетілсе, 3000-нан астам азамат қаржылық сауаттылық бойынша жеке кеңес алған. Оның ішінде 2291 адам – мерзімі өткен кредиттік берешегі бар борышкерлер.

«Қарызсыз қоғам» жобасының Түркістан облысы бойынша қаржы сарапшысы Ержан Кангелдиевтің мәліметінше, биыл Кентау, Түркістан қалаларында және Сайрам, Төлеби, Ордабасы, Отырар, Жетісай аудандарында оқыту семинарлары ұйымдастырылып, жалпы 8000-ға жуық адам қамтылған.

Жоба аясында берешек жүктемесі жоғары, әлеуметтік осал топ өкілдеріне ерекше назар аударылып отыр. Соның бір мысалы Түркістан қаласының тұрғыны Алмагүл Асанова. Ол 2020 жылы инсульт алып, 200 мың теңге көлемінде несие алған. Бірақ денсаулығының нашарлауына байланысты бірнеше жылдан бері қарызын жаба алмай, үстеме өсіммен берешегі 1,8 млн теңгеге дейін жеткен.

– «Қарызсыз қоғам» жобасы туралы естіп, оқуға қатыстым. Құжаттарымды тапсырдым. Жақында банкроттық рәсімі заңды түрде мақұлданып, қарызым толығымен жабылды. Бұл мен үшін үлкен көмек болды. Осындай жобаға бастамашы болған азаматтарға алғысым шексіз, – дейді көп балалы ана.

Биылғы маусымнан бастап оқыту толықтай онлайн форматқа көшкен. Бұл – жобаның жаңа кезеңі басталғанын білдіреді. Жауапты органдар мен партия филиалдары алдағы уақытта да қаржылық сауаттылықты көтеру бағытында жоспарлы жұмыстар жүргізе бермек.

Тағы бір айтары, Түркістан облыстық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы фракциясының отырысы өтті. Маңызды жиынға облыс әкімінің орынбасары Талғат Қозбеков, «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихаттағы партиялық фракция жетекшісі Алтынсары Үмбетәлиев, фракция мүшелері, облыстық басқарма басшылары, Арыс, Кентау қалалары мен Отырар ауданының әкімдері және мәслихат төрағалары, сондай-ақ су саласына жауапты мекеме басшылары қатысты.

Жиынды ашқан фракция жетекшісі Алтынсары Үмбетәлиев күн тәртібінде партияның Сайлауалды бағдарламасын іске асыруға бағытталған Жол картасының орындалу барысы қаралатынын атап өтті. «Халық тарапынан көтеріліп жүрген ауыл шаруашылығын дамыту, сапалы жұмыс орындарын құру, кәсіпкерлер мен жастарды қолдау, тұрғын үй, ауыз су, газ, жарық, жол мәселесі партиямыздың сайлауалды бағдарламасында толық қамтылған. Бүгінгі отырыста осы мәселелердің шешілу барысын, оған жауапты басшылардың есебін тыңдаймыз», – деді фракция жетекшісі.

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қанат Қайыпбек Жол картасында 4 бағыт бойынша 136 іс-шара бекітілгенін, оның ішінде 2025 жылға жоспарланған 121 тармақтың 21-і ғана орындалғанын мәлімдеді. Қалған бағыттардың орындалмау себептері ретінде бюджет шығындарын оңтайландыру, басымдықты әлеуметтік маңызы бар салаларға беру қажеттілігі болғанын жеткізді.

Депутаттар тарапынан Түркістан қаласындағы «Ана мен бала» орталығының құрылысы, Қазығұрт ауданындағы емхананың жай-күйі, Түркістан мен Сарыағаштағы айналма жол, «Ауыл аманаты» жобасы аясындағы кооперация мәселесі сынды нақты сауалдар қойылып, оған басқарма басшысы жауап берді.

Облыстық құрылыс басқармасының басшысы Абай Тұрханов Жол картасындағы 15 іс-шараның іске асу барысын баяндады. Ол кейбір нысандарда мердігер компаниялардың жұмысын кешіктіруі мен жобалық-сметалық құжаттамадағы өзгерістерге байланысты проблемаларды да атап өтті. Депутаттар Мақтаарал ауданындағы мектеп құрылысының кешеуілдеуі, құрылыс сапасына қатысты сын-ескертпелер, тұрғындардың наразылығына себеп болған жайттарды көтеріп, нақты ұсыныстар берді.

Отырыс қорытындысымен барлық ұсыныс-пікірлер хаттамаға енгізіліп, олардың орындалуы «AMANAT» партиясының тұрақты бақылауында болатыны айтылды. Фракция жұмысының басты мақсаты – халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бастамалардың орындалуына нақты әрі тиімді бақылау жасау.

Фото: Qaz365.kz

 

Tags: «Қарызсыз қоғам» жобасыҚаржылық сауаттылықОблыстық экономика және бюджеттік жоспарлауТүркістан облысы
Jasyn

Jasyn

Next Post
Қаржылық сауаттылық — қарапайым ұғым

Қаржылық сауаттылық - қарапайым ұғым

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Қатын, бала-шағасынан құмар ойын артық болып тұр

Қатын, бала-шағасынан құмар ойын артық болып тұр

2 года ago
Ағымдағы жылдың 8 айында мемлекеттік бюджетке 9,6 трлн. теңге  салық түсімдері кірістелген

Ағымдағы жылдың 8 айында мемлекеттік бюджетке 9,6 трлн. теңге салық түсімдері кірістелген

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In