Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің оң өсімі сақталды. Өнеркәсіп саласында 982,3 млрд. теңгеге өнім өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 13,1 пайызға артты. Өсім негізінен тау-кен (+14,1%), өндеу (+11,7%), тамақ өнімдері (+13,4%), жеңіл өнеркәсіп (+35,8%), машина жасау (+21,2%), жиһаз (+41,7%) өндірістері есебінен орын алды. Облыстың өнеркәсіптік әлеуетін дамыту мақсатында ағымдағы жылы өңдеу саласында 61 млрд. теңгеге 18 жобаны жүзеге асыру жоспарланса (1 725 жұмыс орны), 8 айда 3 жоба іске қосылды (4,6 млрд. теңге, 129 жұмыс орны).
Бұдан бөлек, Созақ ауданында жоба құны 74,7 млрд.теңгеге табиғи уранды өңдеу зауыты іске қосылды. Бұл жоба нарықты жоғары сапалы уранмен қамтамасыз етуге, жаңа технологияларды енгізу арқылы уранды терең өндіруге мүмкіндік береді. Жалпы 100 га аумаққа Шағын өнеркәсіптік парк жобасы аясында 152 өндірістік ғимарат салу жоспарланған. Өткен жылы 11 ғимарат салынып, құны 36,5 млрд. теңгеге 11 жоба іске қосылды. Қосымша 29 ғимарат салынып, 26 жобаны іске қосу көзделуде.
– Ағымдағы жылы 901 жұмыс орнымен 17 жобаны іске қосты. Нәтижесінде, өндірістік ғимаратта 6 040 жаңа жұмыс орындары ашылады. Отандық өндірісті дамытып, 27 млрд.теңгеге импорттық тауарды алмастыруға қол жеткіземіз. Сәуір айында парк аумағында «Жасыл суық Қазақстан» (UBC) халықаралық компаниясы тоңазытқыш шығаратын зауытты іске қосты. Жобаның жалпы құны 60 млн.евро, қуаттылығы жылына 140 мың дана (жоба 2-кезеңде іске асырылады). Бұдан бөлек, жеке инвесторлар есебінен Сауран ауданында қосымша 9 шағын өндірістік алаңдарының (117 ғимарат) құрылысы жүргізілуде. Осы тәжірибені ескеріп, қалған аудан, қалаларда ағымдағы жылы кемінде 5 шағын өндірістік алаңдар ашуды жоспарлап отырмыз, — дейді бұл жөнінде Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров.
Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен, өңірімізде өңдеу өнеркәсібін дамыту үшін «Орталық Азия» 4 Халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығы» құрылды. Орталықта электр бөлшектер, төмен вольтті электр жабдықтарын шығару, инверторларды және өнеркәсіптік автоматика жүйелерін өндіру, пилотсыз ұшу аппараттарын шығару және т.б. өндірістер құрылуы жоспарлануда. Жоба құны 123,0 млрд. теңге, шамамен 3 000 жұмыс орны ашылады деп көзделуде. Қазіргі уақытта, қажетті 50 гектар жер теліміне қоршау жұмыстары жүргізілуде және ішкі жолдар салынуда. Орталықты инвестициялық жобалармен толтыру мақсатында, әкімдік 8 дайын өндіріс ғимараттарын салу жұмыстарын бастады.
Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы облыс экономикасының маңызды саласы. Жыл басынан 487,7 млрд. теңгеге өнім өндіріліп, өсім 100,1 пайызды құрады. Өндірілген өнім көлемі бойынша Түркістан облысы республикада жоғарғы көрсеткішке ие. Нарықты отандық өніммен қамтамасыз ету мақсатында 2025-2027 жылдары 67 инвестициялық жоба іске асырылып, 2 488 жұмыс орны қалыптасады. Тағы бір айтары, ағымдағы жылы 1 700 жұмыс орнымен 34 жобаны іске асыру жоспарланған. Жыл басынан 22 жоба іске қосылып, 935 жұмыс орны құрылды.
– Біздің негізгі мақсатымыз – халықтың өмір сүру сапасын жақсартып, табысын арттыру және өңірде экономикалық өсімді қамтамасыз ету болып табылады. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында ағымдағы жылы барлық аудан, қала тұрғындарымен кездесу өтті (облыс деңгейінде 252 мәселе, аудан, қала деңгейінде 1 822 мәселе). Кездесу барысында жалпы 2 074 мәселе көтеріліп, басым бөлігі кездесу мен қабылдау барысында шешімін тапты. Қалғаны қаржы бөлінуіне және заң нормаларына байланысты болғандықтан, кезең-кезеңімен шешімін табатын болады, — дейді Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров.
Фото: Inbusiness.kz