• RU
Четверг, 9 октября, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Әлеумет

Қай облысқа туристер көп келеді?

2025 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындылары бойынша туризм саласында тұрақты оң көрсеткіштерге қол жеткізілді. Ішкі туризм бойынша орналастыру орындарында қызмет көрсетілген азаматтардың саны 3,9 млн адамға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 500 мыңға көп.

by Jasyn
01/10/2025
in Әлеумет
0
Қай облысқа туристер көп келеді?
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Ішкі туристер санының айтарлықтай өсуі әсіресе Алматы облысында, Қызылорда облысында және Ақтөбе облысында тіркелді. Бұл туралы ҚР ТСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

Оның айтуынша, түрлі туристік мақсатпен елімізге 7,5 млн шетелдік қонақ келген. Бұл сан жұмыс бабымен немесе тұрақты тұру мақсатында келгендерді қоспағанда анықталған. Аталған көрсеткіштің ішінде 5 млн адам елімізде бір күннен артық уақытын өткізген. Сондықтан олар шетелдік туристер ретінде тіркелді.

«Орналастыру орындарының жиынтық кірісі 151 млрд теңгені құрап, өткен жылдың алғашқы жартыжылдығымен салыстырғанда 25%-ға жоғары болды. Еліміздегі орналастыру орындарының жалпы саны 4 442 нысанға жетті. Олардың бір мезгілде қабылдау сыйымдылығы 232 мыңнан астам төсек-орынды құрап отыр. Өңірлер бойынша бұл көрсеткіштің ең жоғары өсімі Жетісу облысында, Қарағанды облысында, Шығыс Қазақстан облысында және Шымкент қаласында байқалды», – деді спикер.

Туризм саласына салынған инвестициялар көлемі 27%-ға өсіп, нәтижесінде абсолюттік көрсеткіш 592 млрд теңгені құрады. Ең жоғары өсім Ұлытау облысында, Ақтөбе облысында, Атырау облысында және Қызылорда облысында тіркелді.

Фото: Azattyq-ruhy.kz

Tags: ішкі туризмТуризм саласы
Jasyn

Jasyn

Next Post
Ең жасы үлкен қазақстандық қай облыста тұрады?

Ең жасы үлкен қазақстандық қай облыста тұрады?

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Президенттің жақын туыстарының лауазымды басшылыққа тағайындалуына заңмен тыйым салынады

Президенттің жақын туыстарының лауазымды басшылыққа тағайындалуына заңмен тыйым салынады

4 года ago
Жамбыл облысында ер адам марихуана жинау кезінде ұсталды

Жамбыл облысында ер адам марихуана жинау кезінде ұсталды

2 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In