• RU
Четверг, 22 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Ақ самаурын

Қағыс есту

by Jasyn
08/08/2024
in Ақ самаурын
0
Қағыс есту
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Ол жылдары орыстың белгілі тележурналисті Влад Листьевті жұрт көбінесе «Час пик» деп атайтын. Өзі де осы аттас хабар жүргізіп, елге кеңінен танылды емес пе? Бірақ өткен ғасырдың 90-жылдарының басында байғұсты біреулер атып, өлтіріп кетті. Әлі есімде, әріптестерінің В. Листьевке деген құрметі болар, ресейлік барлық телеарналардың хабары тоқтатылып, марқұмның суреті күні бойы эфирде көрсетіліп, қаралы музыка ойнап тұрды. Және Влад Листьевті бес күн аза тұтып, содан кейін ғана жер қойнына берді.

Шәуілдірлік Төпен Әмірбеков ағамыз екі кештің ортасында үйінде кітап оқып отырса, анасы Жұлқын кішкене көз іліп алайын деп демалып жатқан екен. Кешке Төпекеңнің төртінші сыныпта оқитын қызы Тазагүл сабақтан асығыс келеді. Үйге кіре сөмкесін лақтырып тастап:

— Апа, естідіңіз бе? «Час пик» өліп қалыпты, — дейді ғой.

Күндізгі күйбелең тіршіліктен шаршап жатқан Жұлқын апа жастықтан басын жұлып алып:

— Алда байғұс… Қашан өліп қалыпты?.. – дейді салған жерден.

Сөйтсе немересінің «Час пик» өліп қапты» дегенін апамыз «Тасбике өліп қапты» деп қағыс естіпті. Ол кісінің Тасбике деген жеңгесі болған екен.

— Қашан өліпті? — деп, қайталап сұрайды.

— Кеше түнде…

— Ойпырмай-ә.. Кеше ғана шауып-шапқылап жүр еді… Не болып қалды екен? – деп, апамыз аяқ астынан әбіржіп қалады.

— Неден қайтыс болыпты бейшара?

— Білмеймін, апа, әйтеуір үйінде атып өлтіріп кетіпті! — дейді немересі.

Апамыз одан бетер аң-таң.

— Атып кетіпті дейд… Ойбай, онда ол мал ұрлап жүргендерге кездесіп қалды ма екен? Әлде біреулердің жасырын тірлігін көріп қалды ма? – деп, апамыз аяқ астынан сан түрлі жорамалдарды жасап тастайды.

— Білмедім, апа… Кім өлтіргенін ешкім білмейді.

— Қашан жерлейтін болыпты?

— Бес күннен соң.

— Әй, олардың дені сау емес шығар! Бес күнің не? Өлген адам сасып кетпей ме екен? Бес күн бойы кімді күтпекші… Ұл-қыздарының бәрі осы төңіректе тұрады ғой…

— Білмеймін, апа… Қазір өзін теледидардан көрсетейін деп жатыр, — дейді немересі асықпай.

— Ұрылар атып өлтірген қатынды неменеге теледидардан көрсетеді? — деп Жұлқын апа ашуға беріледі. – Әруақпен ойнағандары несі? Ол не, әкім бе еді, әлде бастық па еді? Адам дегенде ойына келгенін істейді екен-ау, ә…

— Енді ол кісі танымал адам ғой… Орыстардың барлығы жылап жатыр…

Апам ойланып қалады.

— Енді ағайын, құда-жекжаттардың арасында сыйлы екені рас… Бірақ, ел таниды екен деп ойына келгенін істей бере ме? Шәуілдірде қалған үш-төрт орыс неменеге жылайды?.. Әлде кезінде жақсылығын көрді ме екен?.. Көп болса кезінде арағын ішкен шығар …

Шешесі мен немересінің арасындағы әңгімені естіп отырған Төпекең күлкіден бас көтере алмайды. «Қызым барып теледидарды қосып еді, марқұм Влад Листьевтің қара лентамен байланған суретін көрсете бастады. Денені шымырлатар қаралы әуен ойнап тұр. «Міне, өлген осы «Час пик» деді қызым. Сол кезде барып шешем өлген Тасбике емес екенін көріп, көңілі орнына түскендей болды. Мұздай судан бір-екі ұрттап алған соң «Ей, қағынғыр… Тасбике өліп қалды деп зәремді ұшырғаны несі?.. Жөндеп айтпайсың ба?» деп, қызыма ұрса бастады…» деп сол күндерді еске алады Төпекең.

Фото: Википедия

 

Tags: әңгімечас пик
Jasyn

Jasyn

Next Post
Битбай қу

Битбай қу

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Қазақстанда шағын бизнестің үлесі 5 пайызға да жетпейді

Қазақстанда шағын бизнестің үлесі 5 пайызға да жетпейді

3 месяца ago
Қайырымдылық қордың атын жамылып кәсіпкерлерді қорқытқан

Қайырымдылық қордың атын жамылып кәсіпкерлерді қорқытқан

4 месяца ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In