• RU
Воскресенье, 29 марта, 2026
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көру
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көру
JASYN
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көру
Home • Гендерлік саясат

Қабілетті мемлекет болуға әйелдер қауымының қосқан үлесі шексіз

Соңғы жылдары әйелдер үй шаруасында ғана емес, мемлекеттік істе де белсенділік танытып, саяси қызметті жауапкершілікпен атқарып жүр. «Әйел бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетеді» деген соны білдірсе керек.

бойынша Jasyn
10/08/2024
in • Гендерлік саясат
0
Қабілетті мемлекет болуға әйелдер қауымының қосқан үлесі шексіз
0
Бөлісу
13
Қаралған
Share on FacebookShare on Twitter

Қазір әйелдер барлық салаларда жұмыс істейді. Отбасында ғана емес, жалпы қоғамда да бейбітшілік пен тыныштықтың шырақшысы саналады. Сонау қиын-қыстау жылдарда елдің еңсесін көтеруге атсалысудан бастап, бүгінгідей әлемге танылып, бәсекеге барынша қабілетті мемлекет болуға ұмтылып отырған заманда да әйелдер қауымының қосқан үлесі шексіз. Олардың қоғамдық жұмысқа етене араласуы байқалып, саяси қызметтерде өсуі бекіді, мемлекеттік қызметтерде де нәзік жандылардың салмағы айтарлықтай артып келеді. Мемлекет ісінде жоғары, жауапты қызметтер атқаратын әйелдер қауымы өздерінің білікті басшылығымен ерекшелініп қана қоймай, мемлекет жетістіктеріне де тың серпін беруде.

Дегенмен әйел отбасындағы рөлін ең басты орынға қою қажет. Ол ең алдымен, ана. Жанұяның берекесін келтіріп, оның ұйытқысы болу – олардың әуелгі міндеті. Әйел-ананың бала тәрбиелеуде рухани құндылықтарды меңгерте отырып, ұлтты ұлықтайтын ұрпақ өсіруі – парыз. Қай кезде де бала тәрбиесінің басты тұлғасы – ата-ана болып қала бермек. Сондықтан олар отбасылық дәстүрлерді жаңғыртып, шаңырақ мәртебесін арттыруды басты ұстаным еткені абзал.

Алайда, бүгінгі таңда көптеген әйелдер тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбанына айналып отыр. Қазақстандағы үйдегі зорлық-зомбылық статистикаға көнбейді, өйткені оның құрбандары құқық қорғау органдарына және дағдарыс орталықтарына өте қауіпті жағдайларда ғана жүгінеді. Жамбыл облыстық «Анаға тағзым» отбасын қолдау орталығы осындай қиын жағдайда тап болған отбасыларына психологиялық, әлеуметтік және құқықтық қызметті ақысыз негізде жүргізеді. Осы тұрғыда орталық (2021 жылдың қазан айында) ашылған уақыттан бері 876 отбасы мүшесіне кеңес беріліп, 50 топтық тренинг өтіп, оларға 1100-ден аса адам қамтылды.  Мәселен, 308 адам психологиялық көмек алса, 83 адам заңгерлік кеңес алған.

Одан бөлек, орталық аналардың өз кәсібін ашуға ықпал етуде, мұқтаж аналарды түрлі үйірме-курстарға тартып, аз қамтылған отбасылармен тікелей жұмыс жүргізіп келеді. Бүгінгі таңда орталықта 10 үйірме, 8 курс, 2 клуб пен 2 кеңес беру кабинеті жұмыс істейді. Атқарылған жұмыстың нәтижесінде, ашылған күннен бастап бүгінге дейін орталықтың үйірмелері мен курстарына барлығы 1237 адам қамтылған. Түрлі кәсіби бағыттау курстарына қатысқан 385 әйел-ана сертификат алды: тігін курсына қатысқан — 47, «Тырнақ әрлеу шебері» қысқа мерзімді оқыту курсын аяқтаған — 88, «Бет әрлеу шебері» курсын бітірген — 97, аспаздық курсын бітірген — 98 бітіруші, СММ курсы – 29 адам, «Шаш сәндеу шебері» — 16 адам, бала массажы курсы – 10 әйел-ана.

Фото: Welcome to the United Nations

 

Tags: «Анаға тағзым» отбасын қолдау орталығыәйелдер мемлекеттік істе де белсенділік таныттыҚабілетті мемлекет
Jasyn

Jasyn

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Алаяқтар банкроттыққа делдал қызметтерін ұсынуда

Алаяқтар банкроттыққа делдал қызметтерін ұсынуда

2 года бұрын
Режиссер киножурнала «Ералаш» выразила благодарность жамбылским полицейским

Режиссер киножурнала «Ералаш» выразила благодарность жамбылским полицейским

2 года бұрын

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көру
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In