• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Қоғам

Полицейлер ұрланған емес, жоғалған малды іздеуіне тура келеді

by Jasyn
06/03/2024
in Қоғам
0
Полицейлер ұрланған емес, жоғалған малды іздеуіне тура келеді
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жыл басынан бері Жамбыл облысында мал ұрлығының 39 дерегі тіркеліп, оның 28-і ашылды. Жалпы алғанда жәбірленушілердің полицияға дер кезінде жүгінуі ұрлықты «ізін суытпай» ашуға көмектесетіні рас. Мәселен, жақында Байзақ ауданының тұрғыны өз шаруа қожалығына келіп, 61 жылқысы мен 169 қойының жоғалғанын білген. Ол келтірілген шығын көлемін 36 миллион 680 мың теңгеге бағалады.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері оның шопаны болып жұмыс істеген 40 жастағы ер адамды ұстады. Ұсталған азамат өз кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Жанат Сүлейменов өзінің Facebook-тегі парақшасында ауыл тұрғындарын қырағы, мұқият болуға және малдарын қараусыз қалдырмауға шақырды.

«Ауыл шаруашылығы – өңір экономикасының негізгі саласы болып қала береді. Ал ауыл-аймақтарда үй жануарларын ұстау — жалғыз табыс көзі десек те болады. Алайда оңай пайда табуды көздейтіндердің кесірінен кейбір отбасылар қиын жағдайға тап болып жатады.

Жамбыл облысының Полиция департаментімен мал ұрлығына қарсы күрес бойынша кешенді іс-шаралар атқарылуда, ауыл тұрғындарымен «Қашар», «Мал ұрлығы» жедел-алдын алу жұмыстары жүргізілуде.

Бұл оқиға барлық шаруалар үшін сабақ болуы тиіс. Сондықтан, күдікті адамдарға сенбеңіздер, шопандармен ресми еңбек шартын жасаңыздар.

Көп жағдайда полицейлер ұрланған емес, жоғалған жануарларды іздеуге тура келеді. Малды қараусыз қалдырмаңыздар, үй жануарларын бірдейлендіріңіздер. Сақтық шараларын орындап, ұрлауға жағдай жасамаңыздар дегім келеді. Осы өзекті мәселені шешу үшін күш-жігерімізді біріктіруіміз қажет» — деп атап өтті Жанат Қуанышұлы

 

Jasyn

Jasyn

Next Post
Төрт баласына туу туралы құжаттар жасап берді

Төрт баласына туу туралы құжаттар жасап берді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің

Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің

9 месяцев ago
«Жасулан Флора» украсила город Тараз цветами

«Жасулан Флора» украсила город Тараз цветами

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In