Аталмыш шараның мақсаты бала құқығын қорғау, жасөспірімдер арасында келеңсіз оқиғалардың — буллинг, кибербуллинг, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу, есірткі зияны туралы ақпараттандыру және кәсіптік бағдар беру болып табылады.
Сондай-ақ кездесу барысында институтқа түсу үшiн мамандық таңдау барысында талапкерлерге қажеттi маңызды мәлiметтер берiлді. Өз кезегiнде оқушылар да өздерiн қызықтырған сауалдарын жолдап, тиiстi жауаптарын алып, өзара пiкiр алмасты.
Сонымен қатар оқушыларға аталған оқу орнына қабылдау тәртібі мен шарттары жан-жақты түсіндірілген буклеттер таратылып, бейнеролик көрсетілді.