Петропавл қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі «Ласковый май» тобының бұрынғы солистіне орай жоспарланған шараның өтпейтінін хабарлады. Флешмоб Интернациональная мен Бөкетова көшелерінің арасында болуы тиіс еді.
«Іс-шара келісілмеген және рұқсат етілмеген, сондықтан өткізілмейді», — деді департаменттегілер.
«Ласковый май» тобының бұрынғы солисті 23 маусымда қайтыс болды, әртіс 48 жаста еді. Музыкантты құтқармақ болған Домодедово ауруханасының бас дәрігерінің айтуынша, Юрий Шатунов клиникалық өлім жағдайында дәрігерлерге жеткізілген. Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасады, бірақ Юрий Шатуновты аман алып қала алмады.
48 жастағы орындаушының менеджері бірқатар ресейлік басылымдарға хабарлағандай, өлімнің себебі инфаркттан болды.